Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

МЕКТЕПТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ

28.05.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
МЕКТЕПТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында оқушылар мектеп жылыжайында көкөністерді тұқымынан өніміне дейін өздері күтіп-баптап өсіруде. Жылыжай бір жағынан биология пәнінің зертханалық-тәжірибелік алаңы болса, екіншіден, оқушыларды еңбекке баулудың тамаша әдісі. Балалар өз қолымен өсірген өнімді өздері тұтына бастады. Бұл – үлкен еңбек. 


Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп биыл қаңтардан өз жұмысын бастады. Жаңа мектеп салынған кезде оның ауласында жалпы алаңы 72 шаршы метрлік 4 шағын жылыжай құрылысы қоса жүргізілген. Мектеп басшылығы жылыжайды балалардың игілігіне пайдаланудың тиімді тәсілі ретінде «Green school – Жасыл мектеп» жобасын бастау туралы шешім қабылдаған. Осыған орай оқушылар көкөніс көшеттерін алдымен қыста пән кабинеттерінде өсіріп, наурызда жылыжайға отырғызды. Қазір мұнда қияр, қызанақ, руккола, көк бұрыш, ақжелкен, шалғам жайқалып өсіп тұр. Мысалы, шағын шаршы метрде отырғызылған 60 түп қиярдан  шамамен 100 килограммға тарта қияр алуға болады дейді жылыжайды баптаушылар. Ал асханалық көк шөптерді бір маусымда екі рет өсіріп шығаруға болады.

Төрт бөлек шағын жылыжайдың әрқайсысын күтіп-баптайтын мектептің еріктілер тобы белгіленген. Мәселен, біреуі мектепке даярлық тобының балалары мен педагогтарының күтіміне берілсе, екіншісін 3-4 сынып оқушылары жаратылыстану пәнінде баптайды. Ал үшіншісін үлкен сыныптар, төртіншісін «Тілдер бірлестігі», яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері баптап өсіріп келеді. Бұл жасыл алаң биология пәнінің тәжірибелік-зерттеу сабақтары үшін таптырмас орын болып отыр. Биология пәнінің мұғалімі Сымбат Тілеуқабылова өсімдіктерді тұқымнан өсіру, өсімдіктердің селекциялық маңызы сияқты тақырыптарды өткенде оқушылар жылыжайдағы көк өскіндердің жай-күйін көзбен көріп, қолмен ұстап, білімді бойларына жақсы сіңіретінін айтады. Пәннің зертханалық жұмыстарын осы жылыжай аумағында өткізу оқушылар үшін аса қызықты. Мәселен, биологияға қызығушылығы ерекше оқушылардың бірі 7-сынып оқушысы Данияр Баққажы көкөністерді күтіп-баптауға жиі келеді. 

– Біз бұл жылыжайда еңбек етуді үйренеміз. Өз тәжірибеміздің негізінде дарынды балаларға арналған ғылыми жобалар жарысына қатыссақ деген жоспарымыз да бар. Арнайы күнделік бастап, топырақтың құнарлылығын жақсарту, өсімдіктердің климатқа төзімділігі, қанша уақытта қалай өсетіні, басқа да жағдайы туралы тұрақты түрде күнделікке жазба түсіріп отырамыз. Мұндай жазбаларды шағын ғылыми жобалар жасау кезінде қолдануға болады. Қазір шалғам мен қияр пісті. Оны жинап мектеп асханасына апарамыз, онда бізге дәрумені мол салат істеп береді, –  деді Д. Баққажы. 

Мектеп директоры Сәуле Үсенованың айтуынша, «Жасыл мектеп» жобасы бес жылға жоспарланған. Келесі жылы демеушілер тарту арқылы жылыжай аумағын кеңейту қажетін айтады.

Мектеп қызметі бағыттарының бірі – оқушыларға экологиялық тәрбие беру, оларды еңбекке баулу. Жылыжай ісі жаратылыстану пәнін меңгеруде пайдалы болуымен қатар, балаларды еңбекпен тәрбиелеуге де үлес қосып отыр. Осындай жобалардың арқасында бала өзі отырған кабинет пен партаға ғана емес, мектептің ішіне де, ауласына да, жалпы тұтас табиғатқа қамқорлықпен қарауды үйренеді. Бұл оқушы бойында жастайынан азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады, – дейді С. Үсенова.     

Ынтымақ ауылындағы №30 мектеп 1200 орынға арналған. Қазір мұнда 800-ден астам оқушы оқиды. Жаңа оқу жылында оқушылар қатары толығады деп күтілуде. Мектеп ауласына қазір 70 түп ағаш отырғызылған, соның 30-ы декоративті, 40-ы жеміс ағашы.

С. НАМАЗШАМОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.