Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ІС ПЕН НӘТИЖЕ – КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

16 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
ІС ПЕН НӘТИЖЕ – КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданы жыл басынан бері 3,5 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығының өнімін өндірді. Ал өнеркәсіп өнімі 5,5 миллиард теңгеге жетті.  Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 2 миллиард  208 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары, бөлшек сауда айналымы, тұрғын үй саласында да жеткен жетістік жоқ емес. Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы аудан әкімі Дәулет Халелов арнайы баспасөз мәслихатында айтты.

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімі 2023 жылмен салыстырғанда төмен. Себебі, былтыр Көксу қант зауыты ақпан-мамыр айыларында 9565,6 миллион теңгеге қант қамысынан 26,7 мың тонна өнім өндірген. Оның ішінде ақпан-наурыз айларында 4411,6 миллион теңгеге 12,3 мың тонна өнім шығарған. Биыл зауыт қант қамысын өндеуді мамыр айынан бастады. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында 30 миллиардтан астам өнім өндірді.  

Биыл ауданда  ауылшаруашылығының егістік көлемі 31710 гектарды құрады. Дәнді дақыл 10830 гектарға егіледі деп жоспарланған. Оның бүгінгі күнге 10620 гектары себілген.  Майлы дақылдар, картоп,бау-бақша мен көкөніс егу жұмыстары аяқталған. Қант қызылшасы 2050 гектар жерге себілді.

Жалпы көктемгі дала жұмыстары бойынша 7900 гектар  ылғал жабылып, 4178 гектарға себу алдындағы өндеу жұмыстары жүргізілген.

– Көктемгі дала жұмыстарына 1747 тонна тынайтқыш қолданылды. Оның 350 тоннасы арзандатылған бағамен алынды. 116 тонна арзандатылған жанар-жағар май жеткізілді. «Жетінар» несиелік серіктестігі арқылы «Кендала», «Агробизнес» бағдарламалары бойынша 144,8 миллион теңге арзандатылған несие алынды. Ауданымызда жалпы ұзындығы 767 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелері жұмыс жасайды, сол каналдар 19143 гектар суғармалы жерді қамтиді. Биылғы жылы Ислам даму банкі арқылы І-ші кезеңде ұзындығы 108 шақырымды құрайтын 9 каналға жалпы құны 7,2 миллиард теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2025 жыл. ІІ-ші кезеңде 288 шақырым каналдарды қалпына келтіру жоспарланған. Ауданда ветеринария саласында 3 блокты-модулдік ветеринарлық пункт Балпық би, Жарлыозек, Айнабұлақ ауылдырында орнатылды. Аудан аумағындағы пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын табуда. Жыл басынан 1770 гектар аудан жер қорына қайтарылды. Жоспарланған 7 мың гектарды қайтаруды І-ші жартыжылдықта орындауға жұмыс істеп жатырмыз.  Біздің міндет – халық игілігіне жұмыс істеу, – деді аудан әкімі Дәулет Халелов.     

Аудандағы майбұршақ өндейтін «Уызмайиндастри» зауыты 3,7 млрд. теңгеге 12,4 мың тонна өнім шығарса, «Строитель» ЖШС-гі 185,6 млн. теңгеге 6,8 мың тонна құрылыс материалдарын өндірген.  

Аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлікте 4318 субъект әрекет етеді. Оларда  6488 адам жұмыс жасайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 50 млрд. 553 млн. теңгегені құрады

Тұрғын үй құрылысы бойынша Балпық би ауылында екі 60 пәтерлік тұрғын үйдің, бір 20-пәтерлік және 21 жеке тұрғын үйдің, Балпық би ауылында жоғарғы вольтты электр желілерін көшіруге және Мәмбет ауылында инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына және Балпық би ауылының жаңа массивіне инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайын. Сондай-ақ, және Балпық би ауылында блокты-модулді қазандықтың құрылысына жобалау құжаттары дайындалып сараптамадан өтуде. Биыл жеке инвесторлардың қаражаты есебінен ауданымзда 50 жеке тұрғын үй салу жоспарланды. Құрылыс аяқталғаннан кейін  мемлекет тарапынан аталған үйлер мемлекет меншігіне сатып алынып халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.Қазіргі таңда Балпық би ауылында 30 үйдің және Жарлыөзек ауылында 10 үйдің құрылысы басталды.             Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында  12 елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Балпық би ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді газдандыру үшін және 3 ауылдық елді мекенге газ тартуға жобалалар сараптамадан өтті. 

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында З.Тамшыбай ауылында және Көксу станциясында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу биыл аяқталады.

2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2 ауылдағы 4 көшелеріне көше шамдары орнатылуда. Оның сыртында 2 ауылдық округтің 12 көшесіне    елді мекендерінде жарық шамдарын орнату басталды.

Айнабұлақ бекетінде балаларға арналған ойын алаңы іске қосылды және Балпық би ауылында ойын алаңдарының жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру  мақсатында   «Көксу ауданының мансап орталығы» арқылы  2415 адам жұмысқа тартылды. І-тоқсанда нақты 709 адам қамтылды. Қоғамдық тәртіп саласында аудан бойынша қылмыскерлік 2023 жылмен салыстырғанда 35 жағдайға азайғаны байқалады  Қылмыстардың ашылу деңгейі 83,3 пайызды құраған.

Баспасөз мәслихатына қатысқан тілшілер аудан әікіміне аудан тынысына қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.