Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ерлік – елге мұра

11 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
Ерлік – елге мұра
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс күні қарсаңында Жетісу облыстық мемлекеттік архивінде «Ерлігі елге мұра» атты «дөңгелек үстел» өтті. Zhansugurov college студенттері мен оқытушылары, БАҚ өкілдері, мұрағат қызметкерлері қатысқан салтанатты шара соғыс жылдарындағы ерлердің ерлік істері өрнектелген бейнефильммен басталды.

Шара аясында облыстық мұрағаттың бөлім басшысы Кенже Қанапиянова қатысушыларға жетісулық соғыс ардагерлеріне қатысты құжаттарды таныстырып, жастардың ғылыми-іздену жұмысына көмегі тиетін маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда республика бойынша Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың бірыңғай базасы  жасақталып жатқанын айта келіп, оған облыстағы мұрағаттарда сақталған құжаттар бойынша аты мәлім де  беймәлім соғыс ардагерелерінің толық тізімі жолданғанын жеткізді. 

Келесі кезекте мекеме қызметкерлері архив деректері бойынша құрастырылған кітаптарды таныстырып, мекеме директорының орынбасары Бағила Нүсіпова құжаттарды сақтаудың тәртібі туралы айтып берді. Осыдан кейін қатысушылар мұрағат қорларына экскурсия жасап, құжаттардың қалай сақталатындығы және оны зерттеу, ізденіс жұмысына пайдалануға қатысты тәжірибелерімен танысты. 
– Кездесуде айтылған соғыс ардагерлері – нағыз батырлар. Осындай кездесу ұйымдастырып, тағылымды тәрбие бергені үшін архив қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Өйткені бүгінгі күн  ертең тарихқа айналады. Біз Жеңісті жақындатқан барлық ардагерлерге  борыштымыз. Осы кісілердің ерлігі болмаса, бүгінгі еркін еліміз де болмас та еді. Бүгін көргеніміз бен естігенімізді достарымыз бен таныстарымызға бөлісіп, олардың да архивке деген қызығушылығын оятуға ықпал етеміз, – дейді 3-курс студенті, болашақ ағылшын тілі пәнінің ұстазы Мейрамбек Оспанбай. 

Кездесу аясында облыстық «Jetіsý» және «Вестник Жетісу» газетінің тілшілері өз ойымен бөлісіп, жастарды елжандылық пен Отан қорғаудағы абыройлы істерге белсене атсалысуға шабыттандырды.

Қ. ОМАРАҚЫН
 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.