Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Биылғы су тасқыны 30 жылдағы ең ірісі». Қазақстанда соңғы 15 жылда тіркелген апаттарға шолу

4 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
"Биылғы су тасқыны 30 жылдағы ең ірісі". Қазақстанда соңғы 15 жылда тіркелген апаттарға шолу
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан өңірлерін тағы да су басты. Биыл Солтүстік, Шығыс және Батыс облыстардағы тұрғындардың үйлері суға кетіп, аула аумақтары мен жолдарды су алды, қарапайым халық адал еңбегімен тапқан мал-жайынан айырылды. Дегенмен көктем келіп, күн жылыса, қысы бойы жиналған қар еріп, су тасқынының болуы еліміз үшін таныс жағдай. Бұған қарамастан табиғи апат жыл сайын қайталанады. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі соңғы 15 жылда ел аумағында болған ірі су тасқындарына шолу жасады.

2010 жыл

2010 жылы 12 наурызға қараған түні қатты жауын-шашын мен еріген қар суы жиналып, Қызылағаш су қоймасының бөгетін шайып өтті. Салдарынан ауыл су астында қалды.

Су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың біріне айналды. Су тасқыны салдарынан 45 адам қаза тапты, оның сегізі бала; 300 адам жарақат алды. Ауылдағы үйлердің 80 пайызға жуығы қирады: 146 тұрғын үйді биіктігі екі метр толқын шайып кетті, 251 үй қатты зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, кентке және басқа да объектілерге келтірілген залал 8 миллиард теңгеден асты, сол уақыттағы есепке сәйкес, бұл сома 50 миллион доллардан асады.

Су қоймасын қалпына келтіру үшін бюджеттен 5,9 млрд теңге қаржы бөлінсе, Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспана салуға жұмсалған. Ал туыстарынан бір түнде айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың теңгеден берілген еді. Сол жылы мамырда қызылағаштықтарға салынған 145 үйдің алғашқы партиясы тапсырылды. Біраз уақыттан кейін тағы 188 баспананың кілті табысталды.

2011 жыл

2011 жылы Батыс Қазақстан облысында бес аудандағы 38 елді мекенді су басқан, 2600 тұрғын үй, 7146 саяжай ғимараты бүлінген, жүздеген бас мал өлген. Су тасқыны салдарын жою үшін 19 миллиард теңге (130 миллион доллардан астам) жұмсалған. Бұл сомаға мектеп, аурухана, жол, электр желілері мен газ құбырларын қалпына келтірілді.

2012 жыл

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тоғыз аудандағы 23 елді мекенді су басып, 254 үй мен мың жеке аула су асқында қалды.

2013 жыл

2013 жылы Қостанай облысында үш аудандағы сегіз елді мекенді су басып, 94 тұрғын үй су астында қалды.

Сол жылы Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында еріген қар суы жиналып, Көкпекті су қоймасының бөгеті бұзылды. 149 үй топан су астында қалып, 38 тұрғын үй қирады. Бес адам қаза тапты. Тұрғындар 85 бас ірі қара, 304 бас ұсақ мал, 109 шошқадан айырылды.

2014 жыл

2014 жылы Ақмола облысының бес ауданындағы 13 елді мекенде 429 тұрғын үй су астында қалды.

2015 жыл

2015 жылы Қарағанды облысында Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалалары және 48 елді мекен, сондай-ақ облыстың тоғыз ауданындағы екі қыстауды топан су басты. Еріген қар суы бөгет, көпір, автожол, тұрғын үйлерді қиратып, жолындағының бәрін шайып әкетті. 2 121 тұрғын үйді су шайып, оның 170-і қирады. 1 711 бас мал өлді. Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың айтуынша, су тасқынынан келтірілген залал шамамен 9 миллиард теңге.

2015 жылы су тасқынынан Қарағандыдан бөлек, Ақмола, Солтүстік, Павлодар облыстары да қатты зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, барлығы 50 елді мекенді су басып, 11 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Фото: Massaget.kz

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.