Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Женттің пайдалы рецептісін ұсынды

21 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Женттің пайдалы рецептісін ұсынды
WhatsAppTelegramFacebook

Жент – шай дастарқанына қойылатын ұлттық тағам. Жент — қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын тағам. Ол қазіргі кезде де өзінің құндылығын жойған жоқ. Женттің пайдасы қандай және оны дайындау кезінде нені ескерген жөн?

Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне эндокринолог Махаббат Ибрагим жауап берді.

Маман женттің құрамы дәрумендер мен микроэлементтерге бай екенін айтты.

«Жент — қазақ десерті. Жент тары дақылынан жасалатындықтан, ағзаға берер пайдасы мол. Мысалы, оның құрамын қарайтын болсақ, ол B1, B2, PP, E, А дәрумендерінен және кальций, натрий, магний, калий, фосфор, йод, темір, марганец, хром секілді микроэлементтерден тұрады», — дейді маман.

Эндокринолог жентті жасағанда маргарин емес, сары май қолдануға кеңес берді.

«Бұл пайдалы, сіңімді әрі адамды тоқ ұстайтын десерт. Оның жасалу тәсілі және қоспалары әртүрлі. Бірақ ең маңыздысы — тек сары май қолдану. Себебі ол ағзаға ең пайдалы май болып келеді. Маргарин — ол трансмайлар, мүлдем пайдасы жоқ. Көпшілік адам маргаринді арзан бағасына қызығып алады», — деп кеңес берді Махаббат Ибрагим.

Маман пайдалы женттің бір рецептісін ұсынды.

«Талқанға мейіз, грек жаңғағын, сары май және бал қосыңыз. Керемет десерт болады. Оны таңғы шайға немесе сағат 11:00-де тіскебасар орнына жеген пайдалы. Ол сізге күш-қуат береді, ал оның ерекше дәмі басқа тәттілерге бой бұруға жол бермейді», — дейді ол.

Фото: 1000.menu

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.