Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Мүләйімсімей, шындығын айтайын»: Танымал журналист қазіргі қазақ киноларына бармауға кеңес берді

20 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
«Мүләйімсімей, шындығын айтайын»: Танымал журналист қазіргі қазақ киноларына бармауға кеңес берді
WhatsAppTelegramFacebook

Танымал журналист Данияр Есен қазіргі қазақ киноларын сынады әрі қазақ қоғамын дүбәрә тілде түсірілген фильмдерге бармауға кеңес берді.

«Сіздер маған ренжімеңіздер, бірақ өтірік мүләйімсімей, шындығын айтайын. Маған қазіргі шығып жатқан қазақ кинолары ұнамайды. Бәрі – арзанқол, «комедия-сымақтар». Аттары да қойыртпақ тілде. «Жездуха» дей ме, «Балашка», «Ищу тоқал для мужа», «Бешбармак», «Бажуха» дей ме, әйтеуір бәрі дүбәрә тіл. Атауын не таза қазақша қою керек, не таза орысша, ағылшынша қою керек. Қойыртпақ атауы үшін, көп киноға бармадым», – дейді журналист.  

Aikyn.kz. хабарлауынша, ол қазіргі фильмдердің 99 пайызы аралас, дүбәрә тілде түсірілгеніне қынжылды. 

«Жақында «Брат или брак» деген фильмге бардым. Кейіпкерлер қазақша сөйлеп келе жатады да, екінші сөйлемін орысша жалғастырып кетеді. Немесе орысша сөйлеп жатады да, келесі сөйлемін қазақша жалғастырып кетеді.  Сонда бұл не болды? Өздеріне осы сұрақты қойсаң, «Біз шынайымыз. Халық қай тілде сөйлесе, сол тілде түсіреміз» деп ақталады. Одан кейін 1 млрд теңге касса жинадық деп мақтанады. Жинай берсін. Одан да көп жинасын. Ақша тауып жатқан қазақтың жігіттері ғой. Қызғанбаймын. Берекелі болсын. Бірақ ана тілімізді қорламау керек. Өйстіп жүріп, тіліміз ассимиляцияға ұшырап, түбі жоқ болып кетуі ықтимал», – дейді Данияр Есен. 

Журналист оқырмандарына мұндай фильмдерге бармауға кеңес берді. Ал режиссерлерден қазақ тілін қорламауды сұрады.

«Айналайын, режиссер-сымақтар, қазақ тілін дәл бұлай қорлауға ешкім құқық берген жоқ сендерге?! Не қазақша түсір, не орысша түсір. Болды. Біреу «Көш жүре түзеледі» дейді. Сенейік. Күтейік. Бірақ қаншама жыл теперіш көріп, сол қиындықтан аман қалған қазақ тілін дәл осылай қорлауға ешкім жол бермейді. Құрметті оқырмандарым, сіздерді қойыртпақ, дүбәра тілдегі фильмдерге бармауға шақырамын. Ақшасы азайып қалғаннан кейін, өздері-ақ түсінер», – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фото: ЮНИСЕФ в Казахстане

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.