Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балабақша бүлдіршіндері арасында ұлттық киім түрлерінен байқау өтті

19 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Балабақша бүлдіршіндері арасында ұлттық киім түрлерінен байқау өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 мектепте мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерге арналған «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» байқауы өткізілді. Оған қаланың әрбір балабақшасында байқаудың бірінші кезеңінен іріктеген 20-дан астам бүлдіршін қатысты.

Байқау басталардан бұрын Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің дизайн мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Бақытгүл Әділбекова сөз алып, жиналғандарға ұлттық киімнің мән-маңызы туралы қысқаша әңгімелеп берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда ұлттық киімнің денеге шақ келуі, қазақы дәстүрмен үйлесуі, баланың сахна мәдениетін сақтауы, айшықты киім үлгісін көрсете білуі назарға алынды. 

— Осы байқау арқылы балалардың ұлттық киімдер мен олардың түрлері туралы түсініктерін кеңейтуді мақсат еттік. Сонымен қатар балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, бүлдіршіндерді отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеуге ықпал ететін осындай шаралардың маңызы зор, — деді Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері.

Мектепке дейінгі мекемелердің кішкентай тәрбиеленуші қыздары жібектен, шағидан тігілген көйлектер, барқыт бешпет, үкісі бұлғақтаған тақия кисе, бұрымдарына шашбау, мойнындарына тұмар, құлақтарына оюлы сырға тақты. Ұл балалар да оюлы белбеу тағып, тік жағалы торғын жейде, масатыдан тігілген шалбар мен жакет киді. Осындай тамаша ұлттық киімде ән салып, би билеп, өнерлерін көрсетті.   

Байқау соңында «Ең үздік ұлттық киім – ұлт ажары», «Үздік балалар костюмі», «Креативті киім үлгісі», «Үздік композиция», «Үздік киелі бас киім» және басқа да жалпы саны 14 номинация бойынша үздіктер анықталып, марапатқа ие болды.

Атап өтсек, сондай-ақ осы күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханадағы «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты мәдени шарада жазушы Ораз-Мұхаммед Исмаиловтың «Жалайыр Орақты батыр» кітабының тұсауы кесілді. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Серік Сарыбайдың «Аманат» тарихи драмасы қойылды. Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық мәдениет үйінің сахнасында ұлттық киімнен сән үлгілері көрсетілді.
Суреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев, Руслан Кадыров

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.