Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қамқорлық жақсарады

19 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Қамқорлық жақсарады
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы Марлен Көлбаев ашып, жүргізген отырыста үш мәселе қаралды. Бірінші, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау көрсету шаралары жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқарған жұмыстары, өзекті мәселелер, оны шешу жолдары айтылды. Екінші, мүгедектігі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге қолжеткізуін қамтамасыз ету жайы талқыланды. Үшінші, балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректеріне жедел ден қою алгоритмі негізінде жүргізілген жұмыстарды сараптау.

Аталған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары баяндама жасады. Бірінші тақырыпқа қатысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев сөз алды.

– Жетісу облысында 19 мыңнан аса мүгедектігі бар азамат бар. Бұл облыс халқының 3 пайызын құрайды. Біздің негізгі мақсатымыз – олардың қоғамдық өмірде белсенді болуларына барлық жағдай жасау, – деген баяндамашы облыс аумағында 7 мемлекеттік күндізгі болу орталығы және стационарлық үлгіде 1 орталық қызмет көрсететінін жеткізді. Баяндамашының айтуынша, өзекті мәселелер де жоқ емес. Мысалы, Көксу ауданында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығында 40 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Бірақ, ауданда қызмет алуға мұқтаж балалардың саны артқандықтан «Үміт» күндізгі болу орталығының жанынан 15 балаға арналған қосымша бөлім ашудың қажеттілігі туындауда. Жиын барысында бұл мәселеге байланысты жоспар жасалды.

Ермек Арынханұлының сөзін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ, министрлікке 3-топтағы балаларды оңалту орталықтарында қызмет алуды жалғастыру және сот шешімімен қабілетсіз деп танылған азаматтарға стоматологиялық емдеуге мемлекеттік сатып алу жарияланған кезде, аталған қызметті көрсетуші мердігер сол елді мекенде орналасуы керектігі талап етілсе деген ұсыныс жіберілетін болды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметінің сапасын арттырып, оларды оңалту құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуге, оңалту бағдарламаларына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және толық игерілуін бақылауға алуға тапсырма берілді. Алдағы уақытта әлеуметтік қызметкерлерді оқыту, біліктілігін көтеру жұмыстары ұйымдастырылады.

Келесі кезекте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров баяндама жасап, мүгедек балаларды санаторийларға көптеп жібере бастағандарын, сырқат балаларға арналған стоматолоиялық қызмет көрсетуге де көңіл бөлініп келе жатқанын жеткізді.  Аутист, даун синдромы бар балалардың тісін емдеуде қолданылатын дәрілерді жеткілікті алу жөнінде мәселе қозғады.

Арман Серікұлының сөзін тыңдаған комиссия төрағасы Марлен Көлбаев балаларды профилактикалық, медициналық тексеру жүргізу кезінде дамуындағы бұзылуларды ерте анықтауға баса назар аудару керектігін тапсырды.

– Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың басшыларын және мамандарын баланы дамыту кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру және ұстау мәселелері бойынша оқытыңдар. Жасөспірімдерге әлеуметтік медициналық-психологиялық көмек көрсететін «Жастар» денсаулығы  орталықтарының жұмысы жандандырылсын. Білім басқармасының басшысына әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ортақ базасын жасақтап, оларға не қажетін білсін. Инклюзивті қолдау кабинеттерінің санын арттырып, арнайы оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтуды жалғастырсын. Үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды  қашықтықтан жеке бағдарламамен оқыту қарастырылсын! – деді ол.

Комиссия мүшелері үшінші, яғни, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою алгоритмі негізінде жүргізілген жұмыстарды талқылау мәселесіне баса назар аударды. Мұнда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, комиссия төрағасының орынбасары Райхан Маратқызы:

– Жайшылықта балалардың қауіпсіздігі ешкімді алаңдата қоймайды. Бір жағдайға ұрынғанда барлық  балалар құқығына байланысты мекеме жарыса тексеру жүргізеді. Әркім шараны өздері қолға алып жатқандай көрсетуге тырысады. Әсіресе, мұндайда блогерлер анықталмаған деректі дереу интернетке жариялап көптің талқысына салады. Осындай жағдайларға жол бермес үшін барлық балалар мекемелері, құқық қорғау,  жауапты органдар қырағылықты күшейтуі қажет. Зорлық-зомбылық фактілеріне  жедел ден қою алгоритмі негізінде жұмысты жүргізуді жандандыруымыз керек, – деді уәкіл.

Осыған орай комиссия төрағасы Марлен Көлбаев комиссия мүшелеріне бірнеше тапсырма жүктеді. Бірінші, ішкі істер, білім беру, әлеуметтік қорғау, әділет органдары арасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын неғұрлым тиімді шешу мақсатында ынтымақтастық орнату жұмыстарын жандандыруды; білім басқармасы, полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Жиын қорытындысында комиссия мүшелеріне  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жандандыруға, облыстағы қолдау орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізуге тапсырма берілді.

Гүлжан ТҰРСЫН
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.