Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖД қызметкерлері өңірдегі су тасқыны кезеңінің өтуі тақырыбында жиын өткізді.
Аймақта жағдайды бағалау үшін 57 бақылау гидробекеттері жұмыс істейді.
Бүгінде Жетісу облысы аумағындағы қар жамылғысы 46% құрайды.
Бақылауда су басу ықтималдығы бар 9 елді-мекен бар, оның ішінде 4 елді-мекенде су тасқынына қарсы жұмыстар басталып, 2 елді-мекен бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қалған 3 елді-мекенге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар Департаменттің ерекше бақылауында.
«Жетісу-Ақпарат»





