Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ШЫРАЙЛЫ ШАҺАР

14.03.2024
КҮНДЕРЕК
ШЫРАЙЛЫ ШАҺАР
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрынғы Талдықорған облысына биыл 80 жыл. Тарих бетін таразыласақ, сол кезеңдерде өңірде талай өркенді іс атқарылып, елдің экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аймақтың айтары көп. Талдықорған облысы 1944 жылы 16 наурызда Алматы облысының оңтүстік бөлігінен шаңырақ көтерген болатын. Орталығы Талдықорған қаласы болып белгіленген-ді. Соңғы өзгерістерге орай, яғни 2022 жылғы 8 маусымда Жетісу облысы құрылып, Талдықорған қайтадан облыстың кіндік қаласына айналды. Жаңа бағытқа бетбұрыс жасаған Талдықорғанның бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай, соған көз жүгіртер болсақ, қуанышты сезімге бөлейтін жақсы жаңалықтарының ұшан-теңіз екендігіне қуанамыз. 

Осынау шежіресі ұшан-теңіз, кең-байтақ аймақта егеменді елдің Көк байрағының астына топтасқан, бір-біріне қарасқан, ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлыс өкілдері қоян-қолтық қол ұстасып еңбек етіп, түтіндерін түзу шығарып, шаңырақтарының шаттығын шалқытқанын көрсеңіз, мерейіңіз өседі. Аспан түс  Ту астында  айдарыңыздан жел еседі. Бұл да тәуелсіздіктің теңдестіріп-теңгергендігінің, Көк туды нық ұстап, қалтқысыз қамқорлық  аясында, жасыл желекті тыныш бақ саясында, көңілдерге кірбің түсірмей, ынтымақты жарастырып, туған жердің кәусар ауасымен еркін тыныстап өмір сүргенге не жетсін?!

Жер жаннаты  Жетісу  өңірі ел-жұртының  кіндік қаласы Талдықорған  кәусардай ауасының тазалығымен, жасыл желегінің хош иісті  жұпарымен,   ағынды суы мөлдірлігімен тәнті ететін шуақты да шырайлы шағын шаһар. Соңғы жылдары тотыдай түрленіп, абаттандырылған түрге еніп,  қызғалдақтай құлпырған гүлді қалаға айналғанын, жасампаздықтың даңғыл жолына түсіп, жаңалыққа батыл бетбұрыс жасағанын көріп, қаз-қатар үйлері көк тіреген жаңа шағынаудандардың бой көтеріп, баспанасы  отбасылардың  құтты қонысына айналып, шаттанып жатуын көрудің өзі бір ғанибет. Әрі көңілге қуаныш сыйлап, зарыға күткен армандарына қол жеткізіп, келешекке деген сенімді нығайта түсетіні және анық. Жаңа көшелердің абаттандырылып түрлендіріле бастаған  келбетіне сүйсіне қарайтынымыз  бар. Қаратал өзенінің тастақты қос қапталы салқын самалды демалыс аумағына айналғаны, серуен құрғандардың жаны рахатты сезімге кенеліп, көңілі тасқынды селдей шалқитыны да жұртқа ортақ қуаныш. Өзен жағалауынан көк тіреген ақ шаңқан зәулім үйлерге көз тоқтатқанда ерекше бір әсерге бөленіп, шаһардың жасампаздықпен жаңарып, көкжиегі кеңейіп бара жатқанына марқаятынымызды жасыра да алмаймыз. Қаз-қатар көкпен таласқан тұрғын  үйлерді санамағанда, «Аманат» ғимараты, халықтық банк  кеңсесі, Тіл сарайы, Достық үйі, Теннис ғимараты, Зияткерлік мектеп пен балабақша қатарласа бой түзеген көшелер қызыл-жасыл гүлдермен көмкеріліп, келбеттене түскен.  

Талдықорған шаһарының батыс жақтағы  аймағының көркі тіптен ғажап! Соңғы төрт-бес  жыл ауқымында бұрынғы құлазыған алаңқайлар бүгінде көз тояттайтын көріністерге толы. Қақ төрінде шырқау биікте Көк туымыз желбіреген «Жастар» демалыс паркін аралап, серуен құрғың  келе береді. Мұнда күнде жиын, күнде той десе болады. Сауық-сайраны шалқиды да жатады. Әрі жүрсең Спорт сарайының кешені, Оқушылар сарайы, Жастар үйінің, «Көктем-гранд» қонақүйі-мейрамханасының құрылыстары біріне-бірі ұқсамайды. Олармен қатарласа Неке сарайы есігін айқара ашып тұр. Бикен Римова атындағы драма театры халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Оның үстіне  құрылыстары қызу жүргізіліп жатқан нысандар қаншама?! Тұрғын үйлердің құрылыстары да қанатын кеңінен жайып бара жатқанын көргенде, қуанышқа қуаныш ұласатыны сөзсіз. Осылардың бәріне таңданыспен қарай бергің келеді де тұрады.  Бір тылсым күш өзіне тартып, бойды билегендегі әсері де  бойға қуатты күш дарыта түседі. Көзіңді жаулап, көңіліңді шаттандырған шаһардың келбетті көріністерінің әсері көпке дейін ойдан шықпай, арманның асқарына қарай құлшынта түсері хақ. Бүгінде Жетісу облысының орталығына айналып отырған шаһар өмірі, құрыш қолды құрылысшылардың қажырлы еңбегімен жаңаша түрге еніп, иранбаққа айналып бара жатқанын әркім-ақ мақтан етеді. Осындай шырайлы шаһардың әдемі көріністері жыр шумақтарының арқауына айналып та кеткені бар. Олай болса, тарихы тереңге тартқан облыстың мерейтойы құтты болсын! 

Әли ЫСҚАБАЙ,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ел болашағын айқындайтын маңызды науқан

02.08.2026
«Балаусаға» шыққан балдырғандар

«Балаусаға» шыққан балдырғандар

02.08.2026
Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.