Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шұғылалы шаңырақ

10 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Шұғылалы шаңырақ
WhatsAppTelegramFacebook

Исі қазаққа әйгілі Досай би Бәйгелұлы былай деген екен: «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, екі баласы бардың болар-болмас халі бар, үш баласы бардың үш рулы елде малы бар, төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар, бес баласы бардың дес бермейтін жөні бар… тоғыз баласы бардың толғандырар жолы бар, он баласы бардың орда бұзар қолы бар». 

40-тан асқан шағында дүниеге он бала әкеліп, тәрбиелеп өсірген ардақты ана  Жасия жары Бағдармен  балаларының жарқын болашағы үшін тер төге еңбек етуде.

Бұл отбасының тұңғышы Зағида  Шымкент қаласына ұзатылып,   шаңырағының іргесін құрып отырса, екінші қызы   Роза Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық  университетінің 2-курс студенті.  Одан кейінгілері Ұлжан, Ұлыхан, Айтөре, Жамбыл, Айғаным мектеп оқушылары. Егіздері Әл-Имран мен Ясин 3 жастан асып келеді. Ал ең кенжесі Ясмин анасының құшағында. Балалардың анасы Жасияның ең басты әрі маңызды міндеті – ұл-қыздарын өсіріп,  тәрбиелеу.  Ал шаңырақтың иесі Бағдар Оразғали болса  – шаруа адамы. Қыста азын-аулақ малына қараса, жазда 30 тонналық «Хова» ауыр жүк көлігін тізгіндейді. Отағасының негізгі мамандығы дәнекерлеуші. 

– Атамекенге ұрпақ өрбітеміз, қазақтың санын көбейтеміз деп келдік.  Ең жақсысы, ұрпағың арқылы өрісіңнің кеңейгені. Өзім де баланы жақсы көремін, зайыбым екеуміз көпбалалы отбасынан шыққанбыз,– дейді Бағдар Оразғали.

Қыз баланың жаңылыспай жақсы ер жігітке тұрмысқа шығуы, жақсы жар табуы жеңіспен пара-пар. 

– Қыз күнімде болашақ жар, келін, ана ретінде өзіме қойған талабым, мақсатым да биік болды.  Осылайша,  жарыма 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Содан бері, міне, бір-бірімізге демеу болып, он баланы дүниеге әкеліп, тату-тәтті тұрмыс кешіп келеміз, – дейді шаңырақтың отанасы Жасия.

Жасия есігінің алдындағы шағын жылыжайда өсірген көкөністерін қыздарымен бірге базарда саудалайды. Қазіргі уақытта kаspi. kz онлайн дүкені арқылы тауар сатады, атап айтқанда, тапсырыс алып, бүкіл облыс бойынша адамдардың қалаған заттарын жеткізіп отыр. Шамалы болса да отбасы табысының бір бөлігі сол ісінен түсіп тұрады.

Екеуара әңгімеде Жасия үйлеріне  қонақтың жиі келетінін айтып қалды. Халқымыз «үйге қонақпен бірге несібе, ырыздық ере келеді» дейді. Бағдар мен Жасияның шаңырағын шуақты етіп отырған  балаларының болашағы баянды, ырыздығы арта берсін деп тілектестік білдірдік.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.