Белгіленгенімен ресми мереке болып саналмайды. Өйткені оның саяси және әлеуметтік астары бар. Италияның ірі қалаларында 8 наурызда белсенділер мен кәсіподақтар ұйымдастырған көп шерулер мен шулы митингілер өтеді.
Көшелер әйелдерді қолдайтын жарқын плакаттарға толады. Шерушілердің айтуынша, 8 наурыз мерекесі әйелдердің ғылымдағы, саясаттағы және елдің қоғамдық өміріндегі жетістіктерін еске салатын тамаша мүмкіндік. Италияда әйелдер мерекесінің символы – мимоза бұтағы. Оны нәзік жандыларға деген махаббат пен құрметтің белгісі ретінде беру қабылданған. Бұл дәстүр 1946 жылдан бері бар және ол ұлттық сипатқа ие.
Көптеген италиялық нәзік жандылар үшін 8 наурыз әйелдер ынтымақтастығы мерекесі болып табылады. Жас қыздар мен әйелдер достарының ортасында, дәмханада немесе мейрамханада жиналуды жөн көреді. Бірақ Италияда 8 наурызда демалыс жоқ болғандықтан, жұмыстан кейін ғана кездеседі екен.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: erv.ru





