Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

05.03.2024
КҮНДЕРЕК
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бірнеше жыл бұрын «электрондық сауда дамиды», «ақша ұстамайсыңдар», «үйде отырып-ақ қалаған затыңа тапсырыс бересің» деп айтса сенбес едік. Бірақ уақыт талабы сол сенбейтін сөзді шындыққа айналдырып та үлгерді. Қазір екінің бірі таңның атысынан кештің батысына дейін базар жағалап жүрмейді. Уақытты үнемдеп, шетелден де тапсырыс бере алады. Демек, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бағытына айналған электрондық сауда күн өткен сайын дамып келеді. Электрондық сауда дамыса еліміздің күллі экономикасының қозғаушы күшіне айналады. 

Әлемдік мәліметтерге қарағанда, интернет-сауда жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл қаржы мен уақыт үнемдеудің ең тиімді әрі жаңа жолы. Еліміз де дамыған елдерден еш қалып тұрған жоқ. Коммерцияның даму деңгейі кейінгі уақытта күн санап артып келеді. Бейресми деректер бойынша елімізде 10 миллионнан астам адам интернетті пайдаланады. Демек, бұл көрсеткіштің өзі елдегі электрондық сауда нарығының дамуына аз да болса үлес қосады деген сөз. Оған онлайн-сауда саласындағы «satu.kz», «ТехноДом», «kaspi.kz», «flip.kz», «AliExpress» ірі сауда қызметінің күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болуы дәлел. 

Жалпы, «Көпшілік неге электрондық саудаға қызығады? Оның қандай құдіреті бар? Көзбен көріп, қолмен ұстап, саудаласпаған сауда қандай болмақ?» деген сұрақ көп. Енді біз сансыз сұрақтың жауабын бірге табайық. 

Сауданың шегі де шеті жоқ. Бүгінгідей дамыған нарық заманында саудада шегара болмайды. Қазір әлем қолма-қол ақша төлеуден біртіндеп бас тартуда. Көпшілік бұрынғыдай бума-бума теңгені әмиянда ұстамайды. Төлем карточкаларындағы ақша қауіпсіз әрі ыңғайлы. Сол үшін де қазір тиын санап, сауда жасап жүргендер қатары сирей түсті. 

Электрондық саудадағы басты ерекшелік – уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салық жеңілдігі, кэшбек және 1 теңгеге дейінгі дәл сауда. Мәселен, электрондық сауда сіз қызыққан зат 2 мың 333 теңге тұрса, сіз дәл сол соманы ғана төлейсіз. Одан артық 1 теңге де төлемейсіз. Осындай артықшылықтар болғандықтан халықтың сұранысы да жоғары болуда. 

Электрондық сауда елімізде шамамен 2005 жылдары басталды. Бірақ сол тұста бұл сауда айтарлықтай дамымаған. Себебі, тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбейтін. Қазір ол күдік сейілді. Егер тауар келмесе немесе оның сапасы сатып алушыға ұнамаса ақша қайтарылады. Жеткізу бүкіл Қазақстан бойынша тегін және «Қазпошта» арқылы жүзеге асырылады деген жарнамалардан көз сүрінеді. Бірі алаяқ болса, екіншісі адал сауда жасап, нәпақасын тауып отырғандар. 

Бейресми деректерге сүйенсек, еліміздегі белсенді онлайн сатып алушылар саны шамамен 5 миллион адамға жеткен. Әсіресе, Орталық Азияда электрондық сауда нарығы жедел өсіп келеді. Нәтижесінде өсім қарқыны мен сатып алу қабілеті алдағы жылдары ірі инвесторлар мен трансшегаралық компаниялардың назарын аударып қана қоймай, инфрақұрылымға инвестиция салуына жол ашады. Онлайн сауда Қазақ-станда пандемия кезінде ерекше қарқынмен дамыды. Курьерлік қызмет түрі артты. Қазіргі таңда еліміздегі әлеуеті жағынан ең ірі маркетплейстер қатарына Kaspi.kz, Wildberries және AliExpress-ті жатқызамыз. Аталмыш сайттарда тауардың кең түрі қамтылған. Сонымен қатар, бұл сайт тұтынушыға әлдеқайда қолайлы. Euromonitor International сарапшылары Kaspi.kz маркет-плейсін ҚР-дағы бөлшек электронды сауда сегментіндегі көлемі бойынша ең ірі сауда алаңы деп таныған. Расымен де әрбір қазақстандық Kaspi.kz-пен сауда жасауда өте белсенді. Ал онлайн саудада қытайлық электронды сауда магнаты саналған «Alibaba Group» екінші орынды иеленді. Жалпы, елімізде электрондық коммерцияны дамыту, дәстүрлі сауданың онлайн бағытқа ауысуының өзі ІТ технологияның өсуіне жол ашты. 

Жанар СӘКЕНҚЫЗЫ, 
Талдықорған қаласының тұрғыны:  
– Қазір көпшілік электрондық саудамен айналысады. Өз басым тауардың басым бөлігін көршілес Қытай мемлекетінен тапсырыс беріп аламын. Небәрі 12-15 күн аралығында қалаған затым қолыма тиеді. Электрондық сауданың артықшылығы да, кемшілігі де бар. Мәселен, онлайн сауда жасау үшін кез келген жер ыңғайлы. Тіпті, үйден шықпай-ақ сауда жасайсыз. Уақытты үнемдейсіз. Бірнеше қабат сауда орындарын аралап, табан тоздырмайсыз. Барлық қажетті заттарды бір жерден табуға болады. Өнімдер мен бағаларды салыстыру оңай. Өнімдер интернетте болғандықтан олардың сипаттамалары бірге жүреді, сондықтан оларды тіпті екі, үш немесе одан да көп интернет-дүкендер арасында оңай салыстыруға болады. Бұл сауда түрінде кемшіліктер де кездеседі. Сол үшін тауар сатып алмас бұрын сайтты түбегейлі зерттеу керек. Интернеттен сатып алу туралы заңнама жоқ. Азаматтық кодексте де онлайн сауда ерекше аталмаған. Сондықтан тұтынушы сатып алу кезінде барлық жағдайды ескеруі қажет.  Электрондық сауда бүкіл сатып алу процесін жеңілдететініне қарамастан тұтынушы өнімді үйге жеткізгенге дейін оған қол тигізе алмайды. Тек суретін және тауарға қатысты жазылған пікірді оқи алады. Өнімді жеткізу жылдам болғанымен ауа райының жағдайы, қолжетімділігі және басқа факторлар өнімді кешіктіруі мүмкін. Бірақ онлайн сауда өте тиімді әрі қолжетімді. 

Электрондық сауданың шексіз мүмкіндіктері дәстүрлі дүкендердің интернет жүйесіне жаппай көшуіне ықпал етіп отыр. Соңғы 2 жылда АҚШ-та 10 мыңнан астам дүкен жабылған. Алдағы 5 жылда сауда орталықтарының 20-25%-ның жабылуы мүмкін деген ақпараттар да жоқ емес. Демек, онлайн сауданың заманы келеді деген сөз. Бүгінде киім, электроника, ойыншықтар, жиһаз және азық-түлік тауарлары онлайн саудада көп сатылатын тауар тобына жатады. 

Euromonitor International халықаралық нарықты зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша екі жылдан кейін онлайн сауда нарығы Қазақстандағы бөлшек сауданың 15%-ын құрайды. Демек, алдағы уақытта онлайн сауда қарқынды түрде дамиды. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың интернет арқылы сауда жасау көрсеткіші жоғары. Әрбір тұтынушы өзіне қажетті тауарды өзі қалаған мемлекеттен тапсырыс беріп, алдырта алады. Компания жүргізген сауалнама негізінде  қазақстандықтар интернеттен киім, аяқкиім және түрлі аксессуарларды сатып алуға құштар. Сондай-ақ, көпшілік тұрмыстық техника мен электроника, технологиялық тауарларды алуда алдарына жан салмайтын көрінеді.

Онлайн сауда бойынша көш басын Күншығыс елі бастап тұр. Мұнда ұлттық бөлшек тауар айналымындағы электрондық сауданың үлесі – 23,7%. Екінші орында Еуропа одағына кірген елдер тұр. Олардың үлесі – 14,8% болса, АҚШ – 10,8%, Оңтүстік Корея – 7,2%-ды көрсетуде. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: kapital.kz 

Қатысты жаңалықтар

Ертеңнен үмітіміз зор

Ертеңнен үмітіміз зор

01.08.2026
Омарташы

Омарташы

01.08.2026
Көл жағалауындағы қауіпсіздік

Көл жағалауындағы қауіпсіздік

01.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ауыл жағдайы айтылса

01.08.2026
Темірге өрнек салған

Темірге өрнек салған

01.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.