Талдықорған: +27°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жұмыссыздар саны азайды

28.02.2024
ЭКОНОМИКА
Жұмыссыздар саны азайды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы көпсалалы қалалық ауруханада облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа отырысы өтті. Онда өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қорытындыланды.


Жиында басқарма басшысы Ермек Мизамбаев жыл сайын атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы олардың үлесін азайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке қабілетті мүшелері арасынан 1333 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып, бұл көрсеткіш 74,7% құрағанын, нәтижесінде 2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 2022 жылмен салыстырғанда 7006 адамға азайғанын хабарлады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев:
– Өңірде мүмкіндігі шектеулі 20 мыңға жуық адам тұрады. Бұл аймақ халқының 3%-ын құрайды. Біздің басты мақсатымыз – оларды қоғамдық өмірде белсенді ету. Жалпы облыстағы әлеуметтік осал топқа 153,1 мың адам жатады. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік көмекке 3,9 миллиард теңге бөлініп, 6741 отбасына (34650 отбасы мүшесі) тағайындалды. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен менталды бұзушылықтары бар балаларды санаторлық-курорттық емдеуге апарып, бірге жүретін адамдармен қамтамасыз ету мәселесі оңтайлы шешілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 3,4 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде менталды бұзушылықтары бар балаларға шипажайға жеке көмекшімен бірге бару қолжетімді бола бастады. Аудандық (қалалық) мәслихат шешімімен 2024 жылдан бастап 18 жастан асқан бірінші топ мүгедектерін санаторлы-курорттық емдеу кезінде алып жүру үшін жеке көмекшілеріне 55 АЕК мөлшерінде (203060 тенге) бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылып, бекітілді, – деді.

Алқа отырысында аз қамтылған отбасы балаларын жоғары оқу орындарында оқыту жөнінде де сөз қозғалды. Оларға 500 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған болатын. 2022 жылы аталған әлеуметтік көмек 109 балаға 45,4 млн. теңге көлемінде көрсетілсе, 2023 жылы 74 балаға 33,1 млн. теңге берілді. Ал 2024 жылы 69 студентке 31,6 млн. теңге қарастырылып отыр. Биыл облысымызда алғаш рет бекітілген әлеуметтік көмектерге қосымша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 2110 балаға 6 АЕК мөлшерінде (әр балаға 22 152 теңгеден) біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа қосымша 46,7 млн. теңге қарастырылған.

Жиында сөз алған басқарма басшысының орынбасары Сәния Наурызбаева жұмыспен қамту органдарының көмегі бойынша 38-ден астам жұмыс орны құрылғанын, жұмыссыздар жұмысқа орналастырылғанын хабарлап, жұмыссыздық деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 5,1 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендегенін тілге тиек етті. 

– Әлеуметтік қорғау саласында да үлкен жұмыстар атқарылды. Мысалы, мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарымен 99,5 пайызға қамтамасыз етілді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылға 150 орынды оңалту орталығының құрылысы жоспарланған. Өйткені жұмыс істеп тұрған орталық 50 орыннан аспайтын еді. Сондай-ақ, 18 жастан 30 жасқа дейінгі мүгедек балаларды оңалту үшін «Қамқор» орталығы жұмыс істей бастағанын айта кеткен жөн. Жалпы, Жетісуда халықты әлеуметтік қорғау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұған мүмкіндігі шектеулі адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел бола алады, – деді Сәния Наурызбаева.

Алқа отырысында басқарма басшысы қала, аудан әкімдерінің орынбасарларын ауызбіршілікте тыңғылықты жұмыс жасауға шақырды. Әрдайым нәтижелі іс қылуға үндеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларын сапалы орындауға сенім білдірді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Фото: ernur.kz

Қатысты жаңалықтар

Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026
Өмірі ұрпаққа өнеге

Өмірі ұрпаққа өнеге

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.