Талдықорған: +25°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ШАРУАЛАР ЖАЙЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

27.02.2024
ЭКОНОМИКА
ШАРУАЛАР ЖАЙЫ ЕСКЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Фермерлер қауымдастығы облыс бойынша филиалының конференциясы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, Қазақстан Фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен Асқар Санаубаров қатысып, жетісулық шаруалардың көкейкесті талап-тілектеріне құлақ асты. 


Басқосуды Қазақстан Фермерлер қауымдастығы облыс бойынша филиалының басқарма төрағасы Асқар Шәріпов ашып, қауымдастық тарапынан ауылшаруашылығы саласын өркендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта оң шешімін табуы тиіс мәселелер жөнінде сөз қозғады. Сонымен бірге облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ізбасар Жүсіпбеков, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Талғат Мамырбеков, мұнан бөлек жетекші мамандардың баяндамалары тыңдалды.  

Жиында айтылғандай, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсетуде мемлекет тарапынан қол ұшын беру, олардың қаржылық ресурстары мен жаңа технологияларға қол жеткізуін кеңейту аталған қауымдастықтың басты мақсатының бірі. Өткен жылы қауымдастық Қазақ- стандағы эксперттік тұжырымдауларға қатысып, мемлекеттік бірнеше жобаға сараптама берген. Сондай-ақ, агробанк құру мәселесіне қолдау танытып, бірыңғай жер салығын өзгерту, қосымша құн салығын көтеріңкі 16 пайыздың орнына 12 пайыздық мөлшерде өзгеріссіз қалдыру сияқты мәселелер төңірегінде ұсыныстар жасаған. 

Конференцияда қант қызылшасы мәселесіне назар аударылды. Белгілі болғандай, былтыр аймақта аталған дақылға арналған алқап көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп,  8 700 гектарға жеткізілген. Ал биыл бұл көрсеткішті 11мың гектарға ұлғайтып, 2026 жылы 15 мың гектарға көбейту көзделіп отыр. Айта кетейік, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан  фермерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қант қызылшасы егілген алқаптың әр гектарынан 420 центнерден тәтті түбір жиналып, облыс бойынша 361 мың тонна өнім өндірілген. Осыған байланысты шарада бағалы дақыл өсіруде қажырлы еңбек сіңіріп, өнім берекесін тасытқан «Дүйсенбінов», «Әбілқасымов», «Хильниченко», «Нам», «Мұқанов К», «Мұхамади», «Алан» сияқты бір топ шаруа қожалықтарының жетекшілеріне алғыс білдірілді. 

Өзекті тақырыпқа айналған жүгері мәселесіне де ден қойылды. Мәселен, былтыр облыста дәндік жүгері егілген алқаптың әр гектары 69 центнерден айналып, жалпы түсім 393,5 мың тоннаны құраған. Десек те ішкі және сыртқы нарықта дәндік жүгері бағасының күрт төмендеуіне байланысты сыртқы сұраныс тоқтап қалды. Сөйтіп, жүгері сату үлкен проблемаға айналды. Осы мәселеге орай ҚР Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сұлтанов Жетісу жеріне келіп, шаруалармен кездесу өткізді. Нәтижесінде 40 тонна жүгері қабылдауға, 20 мың тоннасы «Агрофуд» компаниясы арқылы, қалғаны «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ арқылы алуға уәде етілді. Осыған байланысты қазір жұмыстар жүріп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, бүгінде су мәселесі де өзекті. Су тапшылығы барлық фермерді алаңдатып отырған жайы бар. Сол себепті, облыста су үнемдеу мақсатында жаңбырлатып, тамшылатып суару әдісін қолдану алқаптарын 2 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Олардың шығындарын субсидиялау мөлшері 50 пайыздан     80 пайызға дейін көтерілген.  

Қауымдастық мүшелерінің араласуымен арзандатылған дизель отынының операторлары дер кезінде анықталып, келісім бағасы белгіленген. Үкімет тарапынан ауылшаруашылығы бойынша қабылданатын көптеген қаулы қауымдастық арқылы сараптамадан өтеді. Онда қауымдастық мүшелері өз ұсыныстарын айтып, кемшін тұстарын жетілдіру жолдарына атсалысады. 

Сондай-ақ, жиында биылдан бастап жаңадан ашылған «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында көктемгі дала жұмыстарына несие, субсидия, кепілдік алу үшін «Даму» қоры арқылы өтінім беруге болатыны айтылды. Бұған қоса, агроөнеркәсіп кешенін дамытуда еңбектеніп жатқан шаруашылық иелерін қаржыландыруда атқарылған жұмыстар мен «Іскер», «Кең дала» бағдарламалары бойынша несие алу жолдары баяндалды.

Ветеринария саласындағы өзекті мәселелер де қозғалды. Соның ішінде мал жағдайы қалай, дәрі-дәрмек жеткілікті ме? Осы сауал төңірегінде мамандар жауап берді. Айтуларынша, жоспарға сәйкес бүгінгі күнде қажетті вакцинаның жартысы жеткізіліп, малдан қан алу жұмыстары басталған. Қызметкерлерден де тапшылық жоқ. Сонымен бірге «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының атқарып жатқан жұмыстары да сөз етілді.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың баяндамасы тыңдалды. Мәжілісмен Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстар, көтерілген мәселелер жайында қысқаша ақпарат берді. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы бағытындағы тың өзгерістер мен тиімді жобалар, алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс міндеттемелер жайында әңгімеледі.

– Бұл шара ауылшаруашылығы саласына қозғау салады. Себебі, азық-түлік қауіпсіздігі мемлекетіміз үшін басты мәселе. Басқосуда ауылшаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түйткілді проблемалардың түйінін тарқату, мемлекет тарапынан шаруаларға қолдау көрсету сияқты мәселелер төңірегінде айтылған ұсыныстар назарға алынады. Осы бойынша ойымызды ортаға салып, пікір алмастық. Аталған жиын арқылы ауылшаруашылығы саласында қандай проблемалар бар, жұмыс істеуге не кедергі, фермерлерді нендей мәселелер алаңдатады, ауылды қалай дамытамыз деген сұрақтар төңірегінде тереңнен әңгіме қозғалды. Енді  шаруалар көтерген ұсыныс-тілектер басшылыққа алынып, соның төңірегінде жұмыстар атқарылатын болады.  Ауылшаруашылығы өркендесе, ел көсегесі көгереді. Сондықтан, жұмыс істеймін деген адамға барынша жағдай туғызып, мүмкіндік беру керек. Қалай десек те  әрбір азамат бай-қуатты, әлеуеті өркендеген мәдениетті елде өмір сүруге құқылы. Осыған жету бағытында біз әрекет ететін боламыз, – деді Жигули Молдахалықұлы.

Сондай-ақ, ол кооперацияға бірігу  бүгінгі күннің басты талабының бірі болып отырғанын, ауыспалы егістік жүйесін сақтап, осы арқылы мол өнім алуға қол жеткізу мүмкіндігін қарастырудың маңызды мәселеге айналғанын, қауымдастық тарапынан көтерілген мәселенің бәріне барынша көңіл бөлініп, қаржыландыру мәселесіне де айрықша ден қойыла бастағанын және тәжірибелі мамандардың арқасында алдағы кезде салада оң өзгерістердің орын алатынын, бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылшаруашылығы саласын дамыту бағытында берген тапсырмасын орындауда мақсатты жұмыстар іске асырылатынын әңгіме арқауына айналдырды.  

Жиын барысында шаруалар көкейдегі ой-пікірлерін ашық әрі бүкпесіз жеткізді. Ұсыныс-тілектерін хат арқылы жолдағандар да болды. Фермерлер тарапынан қойылған басты сұрақтардың бірі  қаржы мәселесіне келіп тірелді. Мәселен, шаруашылық иелеріне ауылшаруашылығы жұмысын жандандыру үшін несие керек. Ал оған қол жеткізуде көптеген құжат тізімі сұралады. Әрине, оны жинау шаруаға оңай соқпасы анық. Субсидия да осындай мәселенің қатарында. Сол себепті бұл олардың бас ауыртар проблемасына айналған. Көктем шығып, дала жұмыстары басталар сәтте жанар-жағармай бағасының күрт өсіп кететіні де шаруа адамын әбден мезі етті. Бұл жылда қайталанатын жағдай. 

Сонымен бірге, тозығы жеткен техникаларды жаңалау, субсидияларды ретке келтіру, Көксу, Ақсу қант зауыттырының күзгі өнімді қабылдауға күші жете ме және оның дайындығы қалай жүруде, бұған қоса қант қызылшасын өсіру мен су шаруашылығындағы түйткілді проблемалар, сапалы тұқымға қол жеткізу, тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану, басқа да сұрақтар бойынша біраз мәселе көтерілді. Осыған байланысты жиында аталған салада оң шешілуін талап ететін проблемалардың әлі де бар екені, сол себепті мемлекеттік қолдаудың ауадай қажет болып отырғаны белгілі болды. Осыны шаруалар жоғарғы жаққа мейлінше жеткізуге тырысты. 

Соңында еңбегімен еленген бір топ шаруашылық жетекшілері марапатталып, оларға Алғыс хаттар табыс етілді.  

Айгүл БАЙБОСЫНОВА  

Фото: inbusiness.kz

Қатысты жаңалықтар

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.