Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҰЛТТЫҚ ҚОР

24 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҰЛТТЫҚ ҚОР
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша облыста 1 қаңтардан бері ақша шешу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 22 адам өтініш түсірген. Солардың 15-і жоғары білім алу ақысын өтеу мақсатында әрекеттенсе, 7-уі тұрғын үй жағдайына байланысты өтініш берген. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ел көлемінде аталған жобаға қатысушылардың жалпы саны 6919 131 бала. Оның биыл  304 815-і он сегіз жасқа толады. Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелініп отыр. Сала мамандары бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды, – дейді. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады.

«БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары Әнуар Елеусізов былай дейді:

– Жетісу облысында кәмелетке толмаған 200 мыңнан аса бала бар. Олардың кәмлет жасқа толған әрқайсы Ұлттық қордан түскен төлемді тұрғын үй сатып алуға, оқу ақысын төлеуге, оның ішінде шетелде білім алуға жұмсай алады. Бірақ баспананы тек ел аумағынан сатып алуы керек. Бұл бағдарлама бойынша 18 жасқа толған азамат автоматты түрде нысаналы жинақтаушы шотына қаражаты аударылады. Және 10 жыл аралығында ақшасын пайдаланбаған жағдайда онда 10 жылдан кейін ерікті сол азаматтың өзінің зейнетақы жинақтаушы шотына автоматты түрде аударылады.

Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Сондай-ақ, бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықпен танысып, көкейде туындаған  сауалдар болса оған да жауап алуға болады. Ата-аналар өз балалары бойынша есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінде тексере алады.

Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексеруге мүмкіндігі бар. Еліміздің жасы, жынысы, өңірлері бөлінісіндегі есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылатын болады, – дейді жауаптылар.

Айта кетейік, бала Қазақстан азаматтығынан айырылған жағдайда Ұлттық қордан төлем аударылмайды. Ал қайтыс болса қор төлемі тоқтатылады. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Яғни, қаражат баланың туған бауырлары арасында бөлінеді немесе ата-анасына беріледі.

Медет ЖҰМАБАЙ
Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

 

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.