Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖҰРТЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН

20 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
ЖҰРТЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Қаланың көркейіп, дамуына жағдай жасау жолында терін төге қызмет істеп жүрген жандар бар. Олар олқылықты оңалтып, кем-кетікті лезде ретке келтіруге аянбай күшін салып келеді. Көзге көп көріне бермейтін мамандармен жұмыс барысында жолықтық.

Қаланың қарбалас тіршілігі саябырсуды еш қаламайды. Қыстың қатулы аязы да, жаздың аптап ыстығы да уақытпен таласып өмір сүріп жатқан жұрттың  көшін еш тежей алмауда. Осы дамылсыз тірлікте әркімнің өз миссиясы бар десек, соны орындауда қажыр танытып, жүктелген жүкті абыроймен арқалап жүрген еңбек иелеріне қандай қошемет көрсетсек те лайық.

Өткен аптаның сәрсенбісінде таң қылаң бере қармана қызмет қылып жатқан 15 шақты жігітті көрдік. Жандарына таяп едік «Талдықорған Жылу Сервис» орталығының қызметкерлері екен. Ғали Орманов көшесіндегі жер- асты су құбыры жарылып, тіршілік нәрі жер бетіне шығып кеткен көрінеді. Құбырды ауыстыруға жұдырықтай жұмыла кіріскен азаматтардың бірін сұхбатқа тарттық. Сөйтсек дәл учаске басшысына жолығыппыз. Мән-жайды егжей-тегжейлі баяндаған Бауыржан Байбарақов мұның қалыпты жағдай екенін жеткізді:

– Бұл су құбыры 56/70 тұрғын  үйге жақын жерде жарылып отыр. Арық суының салдарынан құбырдың шіріп кеткенін байқадық. Қазір соны ауыстырып жатырмыз. Біздің негізгі жұмысымыз таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін. Ал мұндай апатты жағдайда жұмысшылармен қайтып кетпейміз. Жұмысты толық бітіреміз. Талдықорған қаласы бізде R1, R2 болып екіге бөлінеді. Авариялық жағдай қазір R1 ауданы жақта орын алып отыр.

Бауыржан Байбарақовтың «Талдықорған Жылу Сервис» орталығында қызмет істеп жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған. Қарапайым жұмысшы болып бастағаннан бері қызметінің сатылап өсіп келе жатқанын айтады. Қоластындағы қызметкерлерінің өте тәжірибелі, білік-білімі толысқан мамандар екенін сөз етеді.

Ұжым Қуаныш Жекмұрзанов, Олег Сухаруков, Ғазиз Шукуров сынды өз ісіне адал, жұмысын айрықша құлшыныспен атқаратын азаматтардан жасақталған. Солардың бірі – Бекжан Тойкен. Аталған мекемеде 5 жылдан бері  дәнекерлеуші болып қызмет ететін оның айтуынша, екі қолға бір күрек табылғанымен сыйыса алатын орта табу қиын. 

– Мұндағы жігіттермен қызметтес болғаныма біраз уақыт болды. Риза болатыным, барлығы жауапкершілік жүгін көтере біледі. Ұжым өте ұйымшыл. Кез келген ауыртпашылықты осы әріптестеріммен бірге еңсеріп келеміз.

Қыстың қақаған суығында темір ұстап, жер қазудың, шұңқырға түсіп суға малшынудың азапшылығын былайғы жұрт біле бермес. Ал мұндағы қызметкерлер ондайдың талайын бастарынан өткеріп тұратындығына өздері ғана куәгер екеніне жүрекпен сенеміз. Суық күні қалың қарашаға жылу сыйлап жүрген «Талдықорған Жылу Сервис» орталығының қызметкерлеріне деген алғысымыз шексіз!

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Р. ҚАДЫРОВ

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.