Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөлде мұз асты балық аулау турнирі өтті

20.02.2024
КҮНДЕРЕК
Алакөлде мұз асты балық аулау турнирі өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Алакөл ауданында мұз асты балық аулау турнирі өтті. Туринирге еліміздің түкпір-түкпірінен — Алматы облысынан, Абай облысынан және өңірімізден 50-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Көпшілік жазда Алакөлдің шипалы суына шомылса, көл бетіне мұз қатқан қыс мезгілінде балық аулағанды ұнатады. Осы орайда Алакөл аудандық әкімдігінің бастамасымен тұрғындар арасында «Алакөл 2024» мұз асты балық аулау турнирі өтті. Турнирді ұйымдастыру жұмыстарын «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мен «Причал» аңшылық дүкені атқарған.

Алакөл аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жалпы саны 51 адам қатысқан турнир аса тартысты өткен. Оған Алматы, Абай облыстарынан да қатысушылар келіп, жарыста өзара бақ сынасты.

Ұйымдастырушылар алдымен қатысушыларға жарыс ережесі мен қауіпсіздік ережесі түсіндіріп, жарыста сәттілік тіледі. Турнир басталардан бұрын қатысушылар тіркеуден өтіп, арнайы реттік нөмірлер алды.

«Жарыс үшін жағалаудан радиусы 200 метр болатын жер белгіленді, оған арнайы жалаушалар қойылып, турнир қатаң түрде осы радиус аумағында өткізілді. Талап бойынша жарысқа қатысушылардың қолданатын қысқы құралдарының саны үштен аспауы тиіс, сондай-ақ жемнің кез келген түрін қолдануға және балықты азықтандыруға рұқсат етілді. Жарыс аяқталды деген белгі берілген сәтте қатысушылар ауларын судан шығарып, нәтижесін көпшілік алдында көрсетіп, қорытындысын хаттамаға енгіздік. Орындарды бөлу ауланған балықтың жалпы салмағы бойынша белгіленді. Жарыс қорытындысында негізінен қармаққа алабұға көп түсті, тек бір адам ғана аудан көксерке балығын алып шықты. Осы турнирде жалпы салмағы 3,7 кг балық ауланды», — деді турнирді ұйымдастырушылардың бірі, жарыстың бас төрешісі Максим Кошкин.

Турнирге қатысушылардың жасына шектеу қойылған жоқ. Жарысқа жалғыз емес, отбасымен бірге қатысқандар да бар. Мәселен, аудан тұрғыны Жәнібек Смағұлов жарысқа ұлымен бірге келген. «Өзім де, балам да балық аулауғанды жақсы көреміз. Біз оны қыстың шыңылтыр аязында таза ауадағы белсенді демалыс деп санаймыз. Бүгін 30 метр тереңдікке қармақ лақтырып, балық ауладық. Ең алғашқы балық менің қармағыма түсті. Көңіл күйіміз керемет, біз үшін тамаша демалыс болды», — дейді жеңімпаздардың бірі Ж. Смағұлов.  

Жарыс қорытындысы бойынша 1 кг 150 гр балық аулаған Абай облысы Үржар ауданының тұрғыны Қалибек Ерсін бірінші орынды иеленді. Ал екінші және үшінші орындар үшаралдықтар Оксана Филонова мен Ярослав Ивановқа берілді. Сол сияқты «Ең бірінші ауланған балық», «Ең бірінші ауланған алабұға», «Ең бірінші ауланған көсерке», «Ең кішкентай балық» аталымдары бойынша қармағы қара судан бос қайтпағандар да марапатталды. Ең алғашқы балық та, ең алғашқы алабұға да Жәнібек Смағұловтың қармағына іліккен. Ал ең алғашқы көксеркені Василий Суслов ауласа, ең кішкентай балық Алматы облысының тұрғыны Жомарт Сәрсенбековтің қармағына түсті.

Атап өтсек, ауланған ең ірі алабұға балығының салмағы 500 граммнан асса, ең кішкенесінің салмағы 85 грамм. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімдігінің алғыс хаты мен турнирге демеушілік көрсеткен «Причал» дүкені мен «Ник Ойл» ЖШС мекемесінің арнайы сый-сияпаттары табыс етілді.

Жалпы мұз асты балық аулау турнирі Алакөл жағалауында биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл шара саламатты өмір салтын насихаттау, Алакөл көліне деген халықтың ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылардың қызығушылығының көптігіне байланысты турнир алдағы жылдарда да жалғасады деген жоспар бар.

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

«Тәнеке батыр» кітабының тұсауы кесілді

«Тәнеке батыр» кітабының тұсауы кесілді

11.09.2026
Жетісуда «Әділет» партиясы Отбасы күніне орай игі бастама көтерді

Жетісуда «Әділет» партиясы Отбасы күніне орай игі бастама көтерді

11.09.2026
Мемлекет басшысы: Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды

Мемлекет басшысы: Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды

11.09.2026
Өңірдің білім әлеуеті артуда

Өңірдің білім әлеуеті артуда

11.09.2026
Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

11.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.