Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СЕНІМ ЖҮГІ САЛМАҚТЫ

15.02.2024
КҮНДЕРЕК
СЕНІМ ЖҮГІ САЛМАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елдің қарқынды дамуы тыныштыққа, тұрақтылыққа, бейбітшілікке, ынтымақ пен берекеге тікелей байланысты. Қазіргі әлемдік геосаяси ахуалға көз жүгіртер болсақ, көптеген мемлекеттердегі дүрбелеңнің бастауында соғыс пен бүлік жатқанын көреміз. Кең-байтақ жеріміздің тыныштығынан айырмасын деп тілейік, еліміздегі келісім мен ынтымақ бар жақсылықтың ұйытқысына айналып отыр.

Мемлекеттің оң саясаты мен даму бағдарламаларын қарапайым көпшілікке жеткізу ертеден келе жатқан үрдіс деп білемін. Ертеректегі батыр бабаларымыз бен би-шешендеріміз ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы қызатын сайын даланың бүтіндігін сақтау үшін қалың бұқараны ынтымаққа, береке-бірлікке шақыру арқылы ел басына түскен нәумет жылдардың ауыртпалығын жеңді. Кейінгі кеңестік кезеңнің өзінде Саяси қуғын-сүргін мен Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын келешекке үміт артқан аталарымыз бен әжелеріміздің сенімі ұмыттырды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап, өз алдына жеке мемлекет атанған тұста құрылған барлық деңгейдегі мәслихаттар ел мен жердің бүтіндігін, халықтың әлеуметтік жағдайын, мемлекеттің тұрақтылығын бір сәтке де назардан тыс қалдырған жоқ. Соны көрген қарапайым жұртшылық депутаттарды «халық қалаулысы» деп атағаны жасырын емес. Осынау атауда үлкен сенім мен жауапкершілік жатыр.

Қазіргі Жаңа Қазақстан – Екінші Республика тұсында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына үлкен сенім артып отыр. 2022 жылы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн», – деп жергілікті халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқаруды мәслихат депутаттарына жүктеді. Осының өзі барлық деңгейдегі мәслихаттарға артылар сенімнің жүгі жеңіл еместігін ұқтырады. Сол Жолдауында елдегі демократиялық бастамаларды бекіту үшін сайлау жүйесін жетілдіру мәселесіне арнайы тоқталған Мемлекет басшысы облыс әкімдерін сайлау мәслихат депутаттарына жүктелетінін жеткізіп, аралас сайлау жүйесін, яғни, жаңаша ойлайтын, сыни көзқараспен қарайтын кандидаттарға да мүмкіндік берілетінін айтқан болатын. Содан көп ұзамай, былтыр 19 наурызда мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өткенін көпшілік жақсы біледі. Осының өзі еліміздің демократиялық батыл қадамдар жасап отырғанын көрсетеді.

Шынында депутаттың басты міндеті – бұқара мен билік арасындағы дәнекерлікті бекітіп, мемлекеттік саясаттың толығымен орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта Жетісу облыстық мәслихатының депутаттары атқарып жатқан нәтижелі жұмыс көп. Өзім басқаратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы аймақта салынып жатқан нысандардың құрылысындағы сапа мен беріктікті ұдайы бақылап отырады. Себебі, қазіргі мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі – халықты баспанамен қамтамасыз ету екені белгілі. Алайда сапасы сын көтермейтін тұрғын үйлердің жайы көпке ұзамай ашылып жатады. Сол үшін облыстық бюджеттің талқылануында Жетісу жеріндегі құрылыс нысандарына бөлінетін қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын мәселе ретінде көтердік. Өйткені, ауылдық округтер мен аудан орталықтарының жұртшылығы өздерінің сұрауымен салынып жатқан мектептердің, Мәдениет үйлерінің, балабақшалар мен мекемелердің ұзақ жылдарға қызмет еткенін қалайды. Депутат болған соң бізбен кездесулерде өз ойларын ортаға салып, биік мінберлерде қаралатын мәселелерге пікір білдіріп жатады. Кейде қоғамның айтар ойы мен үнін жергілікті атқарушы органдарға, облыстық әкімдік пен департамент, басқармаларға жеткізу арқылы өзекті мәселенің түйінін тарқатып аламыз. Осының өзі ауыл тұрғындарының мемлекеттік саясатқа жанашырлықпен қарайтынынан хабар берсе керек.

Жалпы, осынау халық пен билік арасындағы диалогтың бастауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы тұр. Онда: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» – делінген. Міне, осы бастаманың негізінде мемлекеттік тұжырымдама жасалып, елімізде жұмыс істей бастады. Бүгінгі біздің жұмысымыздың негізінде сол тұжырымдаманың нәтижесі жатыр.

Ендеше, ел мен жердің өркендеуі жолында барлық пікірге құлақ асып, мемлекеттің тұрақты дамуына қажеттісін жүзеге асыру бүгінгі мәслихаттар атқаратын міндеттің бір парасына жатады. Оның нәтижелі болуы тұрғындардың азаматтық белсенділігі мен саяси ұстанымына тікелей байланысты.

Қайрат КЕРЕЕВ,
Жетісу облыстық мәслихаттың депутаты

Қатысты жаңалықтар

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Өрт сөндіру бекеті ашылды

01.08.2026
Білім ошақтары жаңаруда

Білім ошақтары жаңаруда

01.08.2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.