«Zhetysu-SD» ЖШС 2016 жылдан бастап қиыршықтас өндіру саласы бойынша жұмыс істеп келеді.
Карьер Қаратал өзені жағасында орналасқан. Жалпы ауданы 46 гектар. Бұл жерде гранит өндіріледі. Содан соң ұсақтау-сұрыптау кешенінде қиыршықтас шығарылады. Қиыршықтас құрылыс жұмыстарын жүргізуге керек зат. Мәселен, көпқабатты үйлердің іргетасын, дренаждық жүйелер мен тіректерді, тағы басқаларын салуға қажет.
Қиыршықтас өндіріп, оны одан әрі тасымалдау үшін техника керек. Сол себепті серіктестік «Даму» қорына жүгінді. Нәтижесінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында инвестициялық мақсаттарға «Қазақстандық Иджара компаниясы» АҚ-нан несие алды. Қазіргі кезде өндіріс орнында тау жыныстары мен қиыршықтас өндіруге қажет техника түрінің бәрі бар.
Компанияның барлық қызметі лицензияланған. Өнімдері сапа жағынан халықаралық талаптарға сай. Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар да білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Талдықорған қаласы
Фото: damu.kz





