Өздеріңізге белгілі кеше «Назарбаев көшесі бойынан 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды» деп ақпарат таратқанбыз. Ал бүгінгі мәлімет бойынша, марқұм өз өзіне қол жұмсаған деген дерек айтылды.
31 арна ұсынған дерек бойынша, Асылжан Абдуллаевтың аталған қалада пәтер жалдап, жетінші қабатындағы терезеден секіріп кеткені айтылған. Қазіргі қолда бар ақпарат бойынша сарбаз Талдықорғанда суицид жасағаны айтылады.
Ал жақындарының айтуы бойынша, қысқы демалысқа үйіне келген оны әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жіберген. Үйден шыққанда көңіл-күйі жақсы болды дейді марқұмның анасы Анаргүл Мыңжасарова.
Әкесі де, мен де ерекше жақсы көрдім. Мінезі өте жақсы. Классында да, ортасында да сыйлы, бәрімен жақсы араласты. Бәрі «Аса» деп еркелетіп, достарының алдында беделі болды. Үйден шыққанда да, көңіл-күйі жақсы болған, – деді А. Мыңжасарова.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.
Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді» дегенмен марқұмның туыстары келіспейді.
Фото: lada.kz
Ұқсас тақырып: Назарбаев көшесі бойынан 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды





