Талдықорғандағы танымал krisp.tdk желісінде тараған жаңа бейнежазба бірден ел назарын аударды. Видеода 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны көрсетілген.
«2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, өлі күйінде табылған жас жігіт Алматы әскери институтының курсанты екені анықталған.
Фото: liter.kz