Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қарызсыз қоғам» жобасы бүкіл өңірлерде кредиттен құтылуға көмектеседі

30 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
«Қарызсыз қоғам» жобасы бүкіл өңірлерде кредиттен құтылуға көмектеседі
WhatsAppTelegramFacebook

Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

Ақпан айында облыстар мен республикалық маңызы бар 3 қалада 150 қаржы сарапшысын оқыту басталады. Бұл мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек.

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді. 16 қыркүйекте «Қарызсыз қоғам» жобасының орындалуы Үкіметте қаралды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АМАNАТ партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім жобасының ауқымын кеңейтетін жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы ережені дайындады.

Жобалық кеңселер азаматтарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.

Сонымен бірге, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясын қаржылық сауат бойынша білім платформасы іске қосылады және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, колледждеріне және мектептеріне қаржылық сауат курсы енгізіледі.

Дәлірек айтқанда, 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне үйрету жоспарланған.

Бұл оқу орындары үшін арнайы әдістеме мен оқу құралдары әзірленеді.

Осылайша келесі жылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасында жалпы саны 750 мың адам қаржылық сауатты үйренеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған AMANAT партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы.

Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.

Жобаның алғашқы оқыту курсы 2 мамырда басталып, еліміздің 8 өңірінде жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, осы уақыт ішінде Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының 65 мың тұрғыны жоба аясында қаржылық сауатын арттыру бойынша оқу курсынан өтті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесін алғандар саны артып келеді.

Қазіргі уақытта 8,4 млн халықтың мойнында 18 трлн теңге несие бар.

Оның ішінде тұрғындар шағын микроқаржы ұйымдарынан 197 млрд теңге онлайн қарыз рәсімдеген.

Фото: AMANAT партиясы

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.