Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құзыреті күшейіп, ықпалы артты

27.01.2024
КҮНДЕРЕК
Құзыреті күшейіп, ықпалы артты
WhatsAppTelegramFacebook

Бәріңізге белгілі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан егемендік жарияласа, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі мемлекетіміздің тәуелсіздігін жарлиялады. 1993 жылы 28 қаңтарда республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде айқындаған және алғашқы Конституция қабылданды. Соның негізінде ұлттық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандығының нақты кепілдігін бекітіп, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың жаңа кезеңіне қадам басқан. Республиканы дүниежүзілік қауымдастық тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Дегенмен, осы тұста кәсіби Парламент құрудың қажеттілігін күн тәртібне шығарды.

1993 жылы 10 желтоқсанда «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мен жергілікті мемлекеттік органдардың құрамын және атауын өзгертуге ықпал етті. Сонымен 1994 жылы 7 наурызда елімізде мәслихаттардың алғашқы сайлауы өтті. Яғни еліміздегі мәслихаттардың тарихы, міне, осы уақыттан басталады.  Ол елдегі бәсекеге қабілетті алғашқы сайлау болып, қоғамда демократияландыру үрдістерін жеделдетті. Мәслихаттар нақты заң шеңберінде жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті іс-әрекет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өкілеті ретінде құзыретке ие болды.

Сол тұста Алматы облысы бойынша 44 сайлау округы құрылып, 44 депутат сайланды. І шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы 1994 жылы 5 сәуірде өтті. Облыстық мәслихаттың алғашқы хатшысы болып А. Бақтыбаев сайланып, 5 тұрақты комиссиясы құрылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты мәселелерді қою, жергілікті жерде туындаған қайшылықтарды шешу жолдарын бекіту, мәслихат шешімдерін, бекітілген бағдарламалық құжаттардың орындалуын қадағалау, жергілікті атқарушы органдардың есебін тыңдау, тағы да басқа толғақты мәселелермен айналысты. Дегенмен, бұл кезде жаңадан тәуелсіздік алғандықтан қаржының жетіспеушілігінен білім, денсаулық сақтау, мәдениет, басқа да салада көптеген қиындық туындап жатқан еді. Алғашқы сайланған облыстық мәслихат депутаттары осындай түйінді қиындықтарды еңсеру үшін еңбек етті.

 Елге қызмет уақытпен, біліктілікпен өлшенеді. 1995 жылдан бері басқа саладағы атқарған қызметімді айтпағанның өзінде  екі мәрте Парламент Мәжілісінің, 5 мәрте әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаты, арасында облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқара жүріп, талай түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға атсалыстым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы депутаттарды сайлау бүгінгідей партиялық тізіммен емес, жергілікті тұрғындардың қалауы бойынша жүзеге асатын. Сондықтан жергілікті жерден сайланған депутаттар өздерінің ел алдында берген уәдесін орындау үшін барын салатын.

 Сол қатарда қайта құру кезінде шаруасы шатқаяқтап қалған шаруа қожалықтарын қолдау үшін қолға алған «Оңтайландырылған салық салу» жүйесінің енгізілуіне мұрындық болғаным халық қалаулысы ретінде атқарған ең ауқымды үлесім болды. Алайда, бұл салық салу жүйесі шаруа қожалықтарына пайда әкелгенімен, азын-аулақ жермен айналысатын диқандарға үйлесімді болмайтынын байқадық. Сондықтан осы мәселені қайта қарастырып, аз жермен айналысатын шаруаларға тиімді болатын «Бірыңғай жер салығы» жүйесін тағы да Үкіметке ұсынып, бекіттірдік. Осы жүйе бойынша аз мөлшерде жер өңдеумен айналысатын диқандар әр гектарға төлейтін салықтың азайтылған мөлшерін ғана салық ретінде төлейтін болды. Бұл диқандардың көптеген түйткілді мәселесін түбегейлі шешуге көмек еді. Осы екі салық жүйесі 2021 жылға дейін атқарылып, еліміздегі шаруа қожалықтарының шығынын азайтып, кірісін көбейтуге, жер емшегін емген диқандар кірісінің артуына  көмегі тиді. Бүгінгі іріленген, өркендеп-өскен шаруа қожалықтарының бәрі жоғарыда аталған екі салық жүйесінің шапағатын көргендер десек, артық айтқандық болмайды. Кейін жекешелендіру кезінде таратылмай қалған кооперативтердің бұрыннан қалған қарызы көбейіп, салықтарын уақытында төлей алмай, қатты қинала бастайды. Осы тұста Үкіметке кооперативтерді сақтап қалу үшін олардың бұрынғы қарызын үш жылға тоқтата тұрып, содан кейін қарызды 5 жылға бөліп төлеу туралы ұсынысымды өткізіп, кооперативтер қайта ес жиып, оның үстіне инфляцияның әсерімен жиылып қалған қарызды төмен мөлшерде өтеп алуына мүмкіндік берілді.

Кейде қызмет барысындағы біліктілігіңе бастан өткерген тәжірибеңнің де көп көмектесетіндігі белгілі. Жас кезімде дала академиктері Н. Головацкий, Ы. Қожахметов, Н. Сауранбаев, И. Билалов, Әділшайық Ыбыраймолдаевтардың өкшесін баса еңбек еттік. 1992 жылы заманымыздың заңғар ұлы Димаш атамыздың абыздық ізгі лебізін тыңдап, батасын алғанымның өзі кейінгі қызметіме үлкен ықпалы болды. Ал ҚР Парламенті қабырғасында жүргенде марқұм Заманбек Нұрқаділовпен бірге ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін маңызды бағыттарды иықтаса жүріп атқарғанымыз бар. Қысқасы, қарапайым көлік жүргізушіліктен басталған еңбек жолым бригадир, инженер, парторг, директор болып жалғасып, мәслихат, Парламент депутаттығына дейін өрледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Жетісу облысынан сайланған алғашқы Парламент депутаты атандым. Оның бәрі аға буынның ақылының, берген тәрбиесінің, үйренген тәжірибеміздің табысы.

Дегенмен, 1994 жылдары алғашқы мәслихат сайлауында сайланған депутаттар жергілікті атқарушы органның қызметін атқарып, мәслихаттың құзыреті күшейе түсті. Қазіргі таңда әр деңгейдегі мәслихат депутаттары жергілікті жерде орын алған түйткілді мәселеге тікелей араласып, дербес тексеру-зерттеу жұмысын жүргізіп, келеңсіздіктерді нақты шешім етіп, тұрғындарға жақыннан көмектесе алатын ы күшейе түсеріне сенімдімін. Жалпы, әр деңгейдегі мәслихаттың 30 жылда жеткен ең үлкен жетістігі осы.

Ермек Келемсейіт,
Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.