Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Суперасфальт жол сапасын жақсарта ма?

27 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Суперасфальт жол сапасын жақсарта ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Елде асфальтбетон жасауға арналған арнайы технология әзірленді. Оны даярлаған мамандар қазірдің өзінде жол құрылысы саласында серпіліс болатынын айтады.

Тұжырымдаманың негізіне ғалымдар «жасыл» технологияларды тұрақты дамыту мен пайдалану қағидаттарын пайдаланды. Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары шетелдіктермен бірге асфальтбетонның жаңа құрамын шығаруда. Оған минералдар, тұтқыр заттар және арнайы қоспалар кіреді. «Ең бастысы, бәрін дұрыс есептеу керек», дейді сарапшылар.

ENU-Lab ғылыми-өндірістік орталығының директоры Марат Конкаков:  «Суперасфальт әрбір өңірдің барлық климаттық ерекшеліктерін, автокөлік қозғалысын ескере отырып, жолдарға түсетін жүктемені ескеруге және 10-15 жыл төселіп жататын асфальтты жобалауға мүмкіндік береді. Осы технологияны бейімдеп, нормативтік құжаттардың стандарттарын әзірлегіміз келеді, ол бойынша барлық асфальт-бетон зауыттары жұмыс істейтін болады», – дейді.

Ғалымдардың сөзінше, суперасфальт жол құрылысының сапасын жақсартпақ. Бірақ, бұл болашақтағы болжам. Қазір қоспа үлгілер де сынақтан өтуде. Егер бәрі сәтті өтсе, онда қазақстандықтар технологияны ел жолдарында сынай алады. Мұндай бастаманы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ да қолдап отыр.

– Біз жаңа технологиялар үшін ашықпыз. Қазақстанда жаңа технологияларды апробациялау және әзірлеумен айналысатын «ҚазЖолҒЗИ» АҚ жұмыс істейді. Жалпы, егер технология тиімді болса және ол өзін сапалы деп көрсетсе, біз оны пайдалануға дайынбыз, – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыртқы қарыздар департаментінің басшысы Алтынбек Өмірзақов.

Жаңа қоспаны әзірлеу жұмыстары былтыр қараша айында басталған. Үш жылдық жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. теңге бөлінді. Сарапшылардың пікірінше, жоба жол саласындағы «жасыл» технологияларды дамытуға қуатты серпін беруі мүмкін. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметі бойынша бүгінде Қазақстанда шамамен 97 пайыз жол жабындысы қанағаттанарлық жағдайда. Өткен жылы республикалық маңызы бар 3600 шақырым жол жөнделіп, жалпы 5 млн. тоннаға жуық асфальт-бетон төселді. Ал оның сапасы сұрақ туғызады.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының бөлім басшысы Елдар Әбенов: «Былтыр біз 11 мыңнан астам нысанды тексердік. Олардың 4 мыңында ақаулар анықталды. Негізінен, аудандық және облыстық маңызы бар жолдарда. Сондай-ақ, біз 8 техникалық бақылаушыға аттестат бермедік. Жыл қорытындысы бойынша 55 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», – дейді.

Биыл «Қазавтожол» ҰК» АҚ 3 мың шақырымнан астам жолды қайта жөндеуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге 10-ға жуық учаскені ретке келтіруге уәде берілді.

Айгүл Байбосынова
Фото: rk.gov.ru

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.