Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ШЕЛДІ МАЛ – ТӨЛДІ МАЛ

24 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
ШЕЛДІ МАЛ – ТӨЛДІ МАЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент өңірінің малшы қауымына қыс қырын мінез танытып тұр. Өңірге қыс қаһары әдеттегіден ерте келді. Желтоқсан айының алғашқы күнінен бастап апта бойы жауған қар аязды күндерге ұласты. Қаңтар айы да ызғардан арыла қойған жоқ.

Қыстан қарауындағы малын жүдетпей, шығынсыз шығару үшін шаруалар табиғи жайылымдарды барынша тиімді пайдаланып, қолдағы жемшөп қорын да үнемдеу жолын қарастыруда. Ауданда қыс пен көктемгі мал төлдету науқанына жалпы 203,4 мың тонна көпжылдық және табиғи шөп, 23 мың 600 тонна жоңышқа, 28,3 мың тонна сүрлем, 35,1 мың тонна сабан, 15,7 мың тонна пішендеме және 52 мың тонна жүгері жемі дайындалған. Өңірде жалпы 470 мал қыстауы бар. Ауданда әзірленген мал азығының 80 пайызы сол қыстауларға жеткізілген.

Ауданда соңғы жылдары төрт түлік саны еселеп өсті. Бүгінгі таңда аудан бойынша 152061 бас қой, ешкі, 47833 бас ірі қара мал, 14 мыңнан астам жылқы және 350 түйе қыстатылуда.

Осы орайда соңғы жылдар ауқымында асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының саны 10-нан 34-ке дейін көбейген. Өткен жылы Лесновка ауылында Нұрдәулет Найманбаев 100 асыл тұқымды қалмақ сыйырын, Басқұншы ауылдық округінде Бақыт Жақыпбеков 58 «Сементал» асыл тұқымды құнажын сатып алып, қазір өз төлі есебінен көбейтуде. «КөкталАгро» ЖШС 1150 сауын сиырға лайықталған сүт фермасын салып, іске қосқанына екі жылдан асты. Қазір мұнда Австралиядан Швед тұқымды жалпы 473 құнажын әкелініп, соның бұзаулағаны 245-і сауылып, күн сайын 6 тонна сүт Талдықорғандағы сүт өңдеу зауытына жөнелтілуде. Осындай ілкімді істі «Ернар» жеке шаруа қожалығы да атқарып келеді. Мұнда ағылшын тұқымды 523 «Jersi» сүтті сиыры бапталуда. Оның 250-ден астамы сауылып, аптасына 8 тоннадан астам сүт өткізуде.

Мал шаруашылығындағы алда тұрған тағы бір маңызды мәселе – көктемгі мал төлдету науқаны. Күзде Жаркент өңірінде 130 мыңнан астам саулық асыл тұқымды қошқарлардан алынған ұрықпен қолдан қашырылды. Бұл саулықтар наурыз айында төлдейді.

Жазиралы Жаркент өңірінде биылғы қыстан барша мал шелді шығарына мамандар мен малшылар сенімді. «Шелді мал – төлді мал» демекші, шаруақор жұрт тілегінің жүзеге асарына сенімді. Ләйім солай болғай. Өйткені бұл да ел ырысын еселер береке бастауы.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы
Фото: kt.kz

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.