Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

20 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Нұрасыл Шарипов 8 «А» сынып оқушысы. 7 жыл қатарынан мектеп үздігі атанған озат оқушылардың бірі. Робототехникамен айналысып келе жатқанына 6 жылдың көлемі болған. Ол осы сала бойынша республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Жас талаптың болашағынан мұғалімдері үлкен үміт күтіп, ел ертеңі үшін аянбай қызмет еткен ерен тұлғалардың сапынан табылатынына кәміл сенеді.

Нұрасылдың басты мұраты – көшбасшы болу. Ол арманына қол созғанымен қатар соның орындалып жатқанын былай баяндайды:

– Мен өз бойымдағы құндылықтарымды, қасиеттерімді жоғары бағалаймын. Көшбасшы бола алатыныма еш күмәнім жоқ. Себебі бала кезімнен сахнада халық алдында өнер көрсетіп келем. Мектепішілік, облыс, республика көлемінде өтетін іс-шараларға үнемі қатысып тұрам. Осының бәрі мені ерекше жігерлендіреді.

Нұрасыл Оқушылар сарайындағы «IT-технология» үйірмесіне қатысады. Ол ондағы «АJT» командасының капитаны. Жауапкершілікті жүгін сезіне білген ұлан командасын 3 жыл бойы Қазақстанның үздік робототехникамен әуестенуші  командаларының қатарынан түсірмей келеді.

Мектеп қабырғасынан бөлек қосымша үйірмелерге қатысып  жетістіктер көрсеткен Нұрасыл бос уақытында эссе, әңгіме жазып машықтанады. Оның осы уақытқа дейін «Балалар әлемі» атты журналда бірнеше мақаласы жарық көрген. Сүйіп істейтін сүйікті ісі жаңа технологиялар ойлап табу, зымыран модельдеу.

Жас талап Отанымыздың өсіп-өркендету ісіне  үлес қосатын азамат болатынын алға тартады. Оған құрған жоспары да бар. Ол ең әуелі Жетісу облысының және Қазақстан Республикасының TED X форматындағы үздік спикері атануды, Бейсен Құранбек сынды артынан өшпес із қалдыратын журналист болуды мақсат тұтады. Сондай-ақ, IT саласында жаңа технологиялар ойлап табу арқылы ел экономикасын, білім және ғылым, спорт және мәдениетке өлшеусіз үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.

Нұрасыл Шарипов сегіз қырлы, бір сырлы оқушы. Ол республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» байқауының гран-при иегері. Талапшыл оқушының бұдан басқа марапаттары өте көп.

Медет Жұмабай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.