Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Kaspi Gold қажет болмай қала ма?

16.01.2024
КҮНДЕРЕК
Kaspi Gold қажет болмай қала ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа жылдан бергі «жырдың» мазмұны Kaspi Gold-пен ақша аударымы жайында болып тұр. Сауда нүктелері мен тұрғындарға қызмет көрсету нысандары иелерінің, таксистердің біразының мұндай аударымдардан бас тартып, тұтынушылардан нақты ақша талап ете бастағаны, мобильді аударымға келіскен күннің өзінде жақын туыстарының телефондарын пайдаланып жүргені ешкімге де жасырын емес. 

Мұның астарында не жатқанын түсіну үшін де көреген болудың қажеті жоқ. Сондай бір азаматпен, нақтырақ айтатын болсақ, 200 теңгелік тарифпен жолаушы таситын такси жүргізушісімен сөйлесіп көрген едік. 
– Мобиьді қосымшадан «Шынар» деген әйел есімі (әйел аты шартты түрде алынды – Н. Ә.) шығып тұр. Шын есіміңіз солай ма?
– Жоға, енемнің аты ғой.
– Kaspi Gold қосымшасы бойынша әйелінің «атына» көшіп алған біраз жігіттерді білетін едік, сіздің енеңіздің «атына» көшіп алғаныңыз қызық екен…
– Зейнеттегі адам ғой. Біздің телефондардағы мобильді аударымдар тексерілетін болып жатыр ғой… 
– Салық қызметкерлеріңіздің ол кісінің аударымдарын тексермесін қайдан білдіңіз? Мұныңыз салық төлеуден ашықтан ашық жалтару емес пе? 
– Жеке серіктестігім салықта тіркелген, соған төлеп жатқаным да жетпей ме?
– Демек, сіз жолаушылар тасудан да басқа кәсіппен айналысасыз. Ол кәсіп үшін төлегеніңіз жөн. Ал енді мына таксилетуден түскен табысыңыз көлеңкеде қала берсін дейсіз ғой?..

Бұл сұрағымыз жауапсыз қалды.

Расында бірқатар замандастарымыздың осындай жолмен салықтан жалтарып кетеміз, кәсібімізден күнделікті түскен азды-көпті табыстарымыз толықтай өзімізде қалады деп үміттеніп жүргендіктері белгілі. Шынында солай ма? Оның жауабын бірінші кезекте ақпараттық сайттардан іздеп көрдік. 

Еліміздің Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды бақылап отыру мақсатында жаппай тексерулердің жасалмайтындығын, бірінші кезекте түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген. Бір мезгілде өз жұмыстарын адал атқаратын кәсіпкерлердің алаңдамаса да болатынын жеткізген. Назар негізінен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенімен декларацияларын көрсетпейтіндерге аударылмақ. «Ондай азаматтар бізге белгілі.  Өкінішке қарай, мұндай статистика да бар», – дейді ол. 

«Жаппай декларациялаудың 2024 жылдан басталған жаңа кезеңі жеке кәсіпкерлер мен компаниялар басшыларын, олардың жұбайларын қамтиды. Бұл декларациялау салық төлеуден жалтарудың жолын кесуге бағытталған, – деп жазады Press.kz. – Мәселен, егер біреу өз декларациясында «ешқандай мүлкім жоқ, ең төменгі жалақыға күн көріп жүрмін» деп көрсетіп, содан кейінгі жерде нақты ақшаға қымбат автокөлік алып жатса оған қаражаттың қайдан келгенін түсіндіріп, салықпен қатар айыппұл да төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, 2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге деген уақытша тыйым мерзімі аяқталды. Егер салық органдары тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін нақты ақша алып, фискальді чек толтырмай салық төлеуден жалтарып отыр деп сізден күдіктенсе, кез келген уақытта ресми тексеру бастауға құқылы». 

Мұның, яғни салықтан үнемдеуге тырысушылықтың кәсіпкерді алдағы уақытта түрлі тексерулермен бас қатырып, тіпті айыппұл төлеуге мәжбүр ететіндігі жоғарыда айтылғандардан айқындала түседі. Осындайда «сараңның екі рет төлеуге мәжбүр болатындығы» жөніндегі халық даналығы ойға оралмай қоймайды.

Әрине, жоғарыда айтылғандай, бірқатар азаматтардың мұндай табыстарын туыстарына немесе достарының ұялы телефондарына аудару мүмкіндігін қарастыра бастағандары анық. Бірақ мұның да сәтті шешім еместігін айтпай болмайды. Өйткені жуық арада олардың өздеріне де бұл ақшаның қайдан келгендігін декларациялауға тура келеді.

Салық жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев те кәсіпкерлердің нақты ақшамен есеп айырысуға көшуін қаржылай сауаттылықтарының төмендігінен туған шешім деп есептейді. 

Қаржы аналитигі Айбар Олжаев бизнеспен айналысса да салық төлемейтін азаматтар қатарының 200 мыңның шамасында екендігін айтқан екен. Қаржы маманы Бекнұр Қисықов болса, бизнестің ірі мөлшердегі қаржы аударымдарын бақылауға баса назар аудару керек деп есептейді. «Табыстары ондаған миллион теңгемен есептелетін, бірақ одан ештеңе төлемейтін көптеген кәсіпкерлер болуы мүмкін. Олар салық төлеп үйренулері тиіс, – деп жазады ол. – Содан кейін де мен бұл бастаманы дұрыс деп есептеймін. Бұл ешқандай да жазалау шарасы емес. Өйткені біз қаржылық аударымдардың барынша ашықтығына қол жеткізуге күш салып отырмыз. Қаржы аударымдарын бақылау – бұл орайдағы алғашқы қадам».

Иә, бұл жердегі әңгіме ірі ақша аударымдары жайында болып отыр. Өз кезегінде шағын бизнес өкілдеріне алаңдамаса болатындай деректер келтіре кеткеннің артықтығы бола қоймас. Қаржы вице-министрі Ержан Біртанов атап өткендей «Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген шағын бизнес өкілдері салықты ойға сыятындай шекте ғана төлейді, ең төменгі ставка – бірден төрт пайызға дейінгі мөлшерде».

Мақала жазылып жатқанда теледидар хабарынан дәл осы мазмұндағы деректі құлағымыз шалып қалды. «Шағын бизнес өкілі 120 мың теңге табыс тапты делік. Оның 1 пайызы 1200 теңгені құрайды. Оған қиналатын несі бар?» деген тұжырым кім-кімнің де көңілінен шығатындай. 

Мәселенің екінші жағы мемлекетшілдік, отаншылдық сезімге келіп тіреледі. Дамыған елдерде бюджет табысының 90-98 пайызын салық төлемдері құрайды екен. Бұл деңгейге жету үшін біздің елге біраз «тер төгуге», дәлірек айтсақ, салық жинауға тура келеді.

Содан кейін де өркениетті елдерде салық төлеуден жалтару «ортақ қазаннан» жасалған ұрлықпен тең ауыр қылмысқа саналады. Азаматтары төлеген салықтарының қалай бөлінетінін, қандай мақсаттарға жұмсалатынын жүйелі бақылап отырады. Содан кейін де салықтан жалтару, жұмсарта айтқанда, мақтаныш емес, ұят істердің қатарына жатады. Өз кезегімізде біз де балаларымыз бен немерелерімізді тәрбиелеп, оқытып жатқан білім саласының, қартайған әке-шешелерімізге төленіп жатқан зейнетақының, салынып жатқан жолдардың, тағы басқа шаруалардың бюджет тарапынан қаржыландырылып отырғанын, ал бюджеттің негізінен салық төлемдерінен құралатынын есімізден шығармауымыз керек. Сонда ғана «Салықтан жалтару үшін төлемді бауырымның, туысымның телефонына аударсаңыз» деуге ұялатын боламыз. 

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
ардагер  журналист
Фото:depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.