Талдықорған: +13°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясын тексереді

29 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясын тексереді
WhatsAppTelegramFacebook

Астанадан Талдықорғанға жоспарланған рейс тоқтатылғаннан кейін әуе компаниясына тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына кешенді тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

«Жақын арада ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшу реттілігін бақылау тұрғысынан әуе компанияға кешенді тексеріс жүргізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

27 желтоқсан сағат 11.00-де Астана-Талдықорған бағыты бойынша IQ -429 рейсі ұшуға тиіс болған. Алайда рейс ауа райына байланысты 14.30-ға дейін кешіктіріліп, кейін ұшақтағы техникалық ақауға байланысты тоқтатылды.

«Qazaq Air» әуе компаниясының рейстерді уақтылы орындауы және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты жолаушылар тарапынан шағымдардың артуына байланысты «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ инспекторлары «Bombardier-Q400» әуе кемесіне жоспардан тыс жедел перрондық тексеріс жүргізді.

«Ұшу уақытын күткен жолаушыларға алкогольсіз сусын берілді. Рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әуе билетінің құнын толық қайтару немесе алдағы күндерге қайта брондауды ресімдеу ұсынылды. 22 жолаушының билеттері 28 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша қайта брондалды, 5 жолаушының билеті 29 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша рейске қайта брондалды», — деп мәлімдеді азаматтық авиация комитетіндегілер.

Тексеріс барысында авиация инспекторлары рульдеу кезінде әуе винтінің жылыту жүйесінен ақау шыққанын анықтады. Анықталған ақау жойылғаннан кейін ұшақ ұшуға жіберілді. Осыған байланысты әуе кемесі 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 19.52-де Астана-Петропавл бағыты бойынша IQ – 437 рейсін орындады, деп атап өтті комитет.

Фото: kursiv.media

Қатысты жаңалықтар

Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Бүгін, 10:30
Өңірде 8 мың тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды

Өңірде 8 мың тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды

Бүгін, 10:00
Президент Жолдауы азаматтық қорғау саласын жаңғыртуға негіз болады

Президент Жолдауы азаматтық қорғау саласын жаңғыртуға негіз болады

Бүгін, 09:30
Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін, 08:51
6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.