Талдықорған: +36°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды

10.11.2023
РУХАНИЯТ
Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды
WhatsAppTelegramFacebook

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қолжазба араб тілінде жазылған. XIII ғасырда жазылған бұл туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.

«Әл-Фарабидің «Музыка саласына кіріспе» деп аталатын еңбегі хижра бойынша 655 жылы 12 джамали аувал, григориан күнтізбесі бойынша 1257 жылдың 3 маусымы, дүйсенбіге сәйкес келеді. Қолжазба 243 беттен тұрады. Қолжазба түпнұсқамен салыстырыла отырып көшірілді. Еңбекте музыкалық ғылымның сұрақтары терең зерттелген, музыкалық композиция техникасы, шығыс және ортаазиялық аспаптар егжей-тегжейлі сипатталған. Көшірме үш апта көлемінде басып шығарылды»,-дейді реставратор маман Жансерік Бейсенқұлов.

«Музыка саласына кіріспе» қолжазбасы үш бөлімнен тұрады.Еңбекте музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдер және музыка пәні қамтылған. Мамандардың айтуынша, кітапта музыкалық аспаптар мен әр түрлі әуендердің шығармаларына, категориясына және басқа да аспектілеріне кеңінен тоқталған.

Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі Түркияға жасалған сапарда Сүлеймания кітапханасынан табылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 2022 жылы 9 елге 11 ғылыми-іздестіру іссапарын жасады.

«Архив-2025» жобасы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, оларды ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.

«ҚР Ұлттық архиві мен Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино және фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архиві, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Германия, Ресей, Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырғызстан, Чехия, Франция, Иран Ислам Республикасы және Египет сынды тағы да басқа елдерге барып, тарихи құжаттар көшірмесін елге жеткізді. Қазіргі уақытта тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге әкелінген қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде»,-деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Фото: Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

Қатысты жаңалықтар

Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.