Талдықорған: 0°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚҰДАШ АҒА

22.10.2023
ЖАНСАРАЙ
ҚҰДАШ АҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Үшінші мыңжылдықтың сары күзі. Жетісудың жүрегіне айналған Талдықорған қаласына алғаш табаным тиген кез. Академиядағы ұстазым марқұм Талас Өмірзақов ағайымның нұсқауымен талды қаладағы өнердің қара шаңырағы саналатын облыстық драма театрына келдім. 

Алғашқы директорым Сағындық Айтмұхаметұлының  кабинетіндеміз. Марқұм Өмірсерік, Азат ағаларыммен бірге Серік ағам мен Алмахан апам, Кендебай жездемнің алдында сынақта тұрмын. (Ол кезде жездем екенін білмеймін де ғой). Мұндай тыңдалым театрға қабылдар алдында міндетті түрде болады. Мұқағали ағамнан бір, өз шығармашылығымнан бір өлеңімді оқыдым. Сөйтіп, екі өлеңмен театрға қабылдандым. Аға буынның ақ батасын алып, шалқыған көңілмен дәлізге шықтым. Алдымда келе жатқан Өмірсерік ағам: «Әй, Құдаш, тоқтай тұр», – деп гүр ете қалды. Анандай жерде кетіп бара жатқан орта бойлы, толықша келген жігіт ағасы: «Ау, Өмке, не бұйырасыз», – деп жарқылдай сөйлеп келді де қолын алып амандасып жатты. Мен де кішіге тән әдеппен: «Ассалаумағалейкүм» деп қолымды бердім. Өмекем: «Құдаш, мына бала Жұматай деген інің. Өзі ақын екен. Қазір ғана театрға қабылдадық. Қатарыңа қосып ал», – деді де: – «Құдайберген деген ағаң болады. Бізге қайда бар дейді, сонда барамыз, қай жерге спектакль қой дейді, сонда қоямыз. Әртістердің тікелей бастығы бұл ағаң», – деп аңқылдай сөйлеп, Құдаш ағамен мені таныстырды. «Әртістердің тікелей бастығы» дегенді жұмысқа кіріскенде барып түсіндім. Театрда актерлікпен қатар «администраторлық» жұмысты қоса атқарады екен. Бүгін жарқын бейнесі сағымдар арасынан елес беріп, сағынышқа айналған Құдаш ағаммен осылай танысқан едім. 

Ол кез облыс орталығы Талдықорғанға әлі келе қоймаған уақыт. Бос үйлер мен ғимараттар көп. Есік-терезесі үңірейген, жартылай бұзылған үйлер қаланың қараусыз қалғанын айтпаса да ұқтырып тұр. Мұндай жерде шығармашылықпен айналысу ерлікпен пара-пар. Әлеуметтің әлеуеті құлдыраған жерде өнер жасау шынымен жанкештінің ғана қолынан келетін іс. Дәл осындай экономикалық дағдарыс пен рухани тоқырауға ұшыраған қалада театрдың тамырына қан жүргізіп, жанымызды кіргізіп, көрерменмен қауыштыруда Құдаш ағамның атқарған ісі ұшан-теңіз. Өзі екінші ықшамауданда тұрады. Біз таңертең есіней оянып, еріне тұрып, аяңдап жұмысқа шыққан уақытта Құдаш ағам бірнеше мекемеге кіріп, қойылымның билеттерін сатып немесе сол мекемеге спектаклімізді әкеліп қоюға келісім жасап, иығынан бір жүк түскендей алшаң басып театрға келе жатады. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде өнер ордасындағы ауыртпалықты көтерген қара нардың бірі еді ғой қайран ағам. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда театрдың отымен кіріп, күлімен шығатын. Тек қала ішінде ғана емес, алыс-жақын аудан, ауылдармен де байланысын үзбей, қойылым болмаса мерекелік концерттерін өткізіп беруге уағдаласып, бағдарламаға түрлі скетчтер мен монологтар қостырып, арасында ән салдырып, әйтеуір ұжымның жұмысын алға сүйрейтін де жүретін.
Ол жылдары бүгінгідей кинотеатрлар мен түрлі шығармашылық орталықтың жоқ кезі. Әсіресе, жаңа жыл жақындаған тұста желтоқсанның ортасынан бастап, аяғына дейін мектеп оқушыларына арнайы қойылым қойып, екінші бөлімінде шырша маңында түрлі ойындар ұйымдастырып, төменгі сынып оқушыларына сый-сияпатын үлестіріп, жоғары сынып пен студенттерге би кешін ұйымдастырамыз. Тауар сапалы болса, алмайтын адам бола ма? Шығармашылық ұжым тас түйін дайындалып жатқан тұста Құдаш ағам сол өзінің жорға жүрісіне салып, анда-санда бір келетін қоғамдық көлікке қарамай-ақ жаяу-жалпы қаланы аралап кететін. Түске дейін үш, түстен кейін үш уақыт қоятын жаңа жылдық қойылымға көрерменді жүз пайыз толтырып тастайтын. Түсіне білген адамға бұл дегеніңіз оңай шаруа емес. Кеңестік дәуірдегі театрдың есігін сындырып тұрып кіретін көрермен келмеске кеткен. Сананы тұрмыс билеп, әркім тіршіліктің көң терісін илеп жүрген шақ. Осындай сын сағатта Құдаш ағам бәрімен тіл табыса білді. Сөйтіп жүріп өзіне берілген рөлге де жауапкершілікпен қарап, сан түрлі образды сахна төріне алып шықты. Тарихи қойылымдарда батырларды сомдап, сахнаға арқырап шыға келгенде шынымен арқаланып кететін. Әсіресе, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Қодары ерекше алып шыққан образдарының бірі еді. Қарабайдың байлығына қызыққан дүниеқоңыз Қодар емес, Баянға шынымен де ғашық болған, сондай күштің иесі бола тұра махаббаттың алдында тізе бүккен, батыр жүрегіне сезім ұялаған Қодарды көрсетіп еді-ау жарықтық. Қателеспесем, бұл театрдағы басты рөлдің бірін соңғы рет сомдаған кезі екен ғой. 

Батыр аңғал мінезімен, аңқылдаған көңілімен ортамызда жарқылдап жүрген Құдаш ағам ойда жоқта мәңгілік мекеніне көшті. Айтып келмейтін ажал ардақты азаматымызды аяқасты алып кеткенде түс көргендей күйге түстік. Тағдырдың жазуынан аса алмай, Алланың әміріне бойұсынып «Жақсы адам еді» деп шығарып салдық. 

Құдаш ағам шын мәнінде жақсы адам еді. Бір кем дүние-ай десеңізші?! Асыл ағамның артынан көп ұзамай аяулы перзенті Айдар ініміз де күтпеген жерден жарық дүниемен қоштасты. Бірінен кейін бірі келген қос қайғы отбасының жылуы, шаңырағының шаттығы болып отырған Жаңыл жеңешемнің қабырғасын қайыстырып-ақ жіберді. Дегенмен тірі адам тіршілігін жасайды. Иығына түскен ауыр қайғыны сабырымен жеңіп, қос қимасының көзі болып қалған алтын қасықтай қызы Айжанмен бірге өмір керуенін жалғастырып келеді. бұл күнде екі немеренің ақылман әжесі.

Зымыраған уақытта тоқтам бар ма?! Қадірі бөлек азаматты қара жердің қойнына табыстағалы да аттай тулап, оқтай зулап жиырма жыл өте шығыпты. Талдықорған театрының тарихына Құдайберген Зәкімбекұлы деген есімді өшпестей қалдырып кеткен ардақты ағаны әулеті еске алып, ағайын-туыс, дос-жарандарымен өнер ордасындағы әріптестерінің басын қосып, ас беріп жатыр. Оқыған Құран, жасаған дұға қабыл болып, ардақты Құдаш ағамды Алла мейіріміне бөлесін.

Жұматай ОСПАНҰЛЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026
Ауыл шаруашылығындағы жаңа цифрлық платформа таныстырылды

Ауыл шаруашылығындағы жаңа цифрлық платформа таныстырылды

06.02.2026
Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

06.02.2026
«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.