Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Су – өндіріс өзегі

28.09.2023
ЭКОНОМИКА
Су – өндіріс өзегі
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов аудандағы егін негізінен суармалы алқаптарда өсіріліп, өнім алынатындықтан мұнда суландыру жүйесінің рөлі ерекше. Бұл өңірдегі негізгі өндіріс көзі, жүгері дақылының тұқымы да алдымен суарылған жерге ғана себіледі. Одан кейінгі өніп, өсу кезеңдерінде де өңірдегі күннің ыстықтығы, топырақтың құрғақ сары, сортаң болып келетіндігінен өсімдік суды көп қажет етеді.

Орта есеппен жүгері жетілгенінше 5-7 мәрте, тіпті кейбір құмдауыт, тастақ жерлерде 10 ретке дейін мерзімді суарылып тұруы шарт. Өңірде өсірілетін басқа дақылдардың да суға  сұранысы  жоғары. Соңғы жылдары құрғақшылықтан, су тапшылығынан, аудан шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарының көбеюінен су бөлуде күрделі  мәселелер  туындап, егіншілер қажетті мөлшерде суару жұмысын атқара алмай жүр. Бұл  мәселені аудандағы су шаруашылығы қызметкерлері қожалықтарға  берілген  су  мен  уақытты  тиімді  пайдалануды  реттеу  арқылы  жолға  қойды. Алайда жыл өткен сайын бұрынғы су жолдары тозып, жарамсыздана бастағандықтан, айтарлықтай  тауқымет туындап  отыр. Бұған биылғы  жаз  маусымындағы құрғақшылық салдарынан   өзендердегі  су  мөлшерінің  төмендеп  кетуі де  кері  әсерін  тигізуде.

Дегенмен осындай  қиындықтарға  қарамастан, егінге  су  бөлу  жұмыстарын  барынша тиянақты  жоспармен  атқарудың  нәтижесінде, дала  дидары  жасыл  желекке  бөленіп, егінжайлар  ерекше жайқалуда. Биыл «ҚазСуШар» Панфилов өндірістік  учаскесі егін  егетін қожалықтармен келісімшарт жасасқан. Өңірде  жалпы 37 940 гектар  суармалы  егістік  бар, соның 26 мың гектардан  астамына  жүгері  дақылы  өсірілген. Шілде  айының ортасына  дейін  «дала  аруының» алғашқы  суару  жұмысы  толық  аяқталып, 15 500 гектарға  жуығы  екінші, 3 мың  гектарға  жуығы  үшінші, 1 мың гектардан  астамы  төртінші  рет суарылып үлгірді.

Бір  сөзбен  айтқанда, егістікті уақыт  оздырмай  суару мен судың  әр  тамшысын  тиімді  пайдалануда  өңірдегі  қожалықтар  мен  су  мамандарының  арасында  тығыз байланыс орнатылды. Тіпті бұрын бақылаудан  тыс  қала  беретін  аяқсуды  да  пайдаға  жарату  шаралары қарастырылған. Осындай  ықтияты  қарекеттер егістіктердегі  су  тапшылығын  барынша  азайтумен  қатар, әр  литр  су  есепке  алынып, оны  пайдаланған  егіншілерден  су  ақысы  толық алынғандықтан облыстағы  9 аудан  арасында  жаркенттік  мұраптар ортақ  «қазандарына» толайым табыс  түсіруде. Жалпы, су шаруашылығы жүйесінің жұмысы  2018 жылдан бастап республика көлемінде министрлік деңгейінде қаралып, бірегей тарифке өтті. Тарифтің бағасы қай уақытта қанша болатынын қаулымен белгіленеді.  Яғни, су бағасын мұраптар емес, республикалық монополияға қарсы агенттік бекітеді.

Бұрын кәсіпорын  табысының  артық  бөлігін  өз  қажетіне  жұмсауға  болатын инвестициялық бағдарлама бар еді. Онда тарифтен түскен қаражаттан мекеме өзінің негізгі қорын ұлғайта  алатын. Соны  пайдаланып,  кәсіпорынға  жаңа  техникалар  сатып  әкнліп, көнелерін  күрделі  жөндеуден  өткізіп, сапқа  қойды. Техниканың  көбейгені  мұраптардың  күнделікті  жұмысына көп  жеңілдік  берді. Бұрын  мұраптар су  арналарын  атпен  араласа, енді  олар ерекше  бап  талғамайтын, жем-шөпті  қажет  етпейтін, жанармай  шығыны  аз  мотоциклдер  мінді.    

Қазір  Жаркент  өңірінде жүгері  жинау   басталды. Дегенмен «дала  аруының» кеш  пісетін  сұрыптары енді  орыла  бастайды. Сол  уақытқа  дейін  алқапты  суару  жалғаса  бермек. Қазір егін  суаратын  суға  шаруалар  арасында  кезек  біршама  азайды. Бұл егінді  асықпай  суаруға  мүмкіндік  беруде.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.