Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

7 мамыр 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылында мектеп командалары арасында волейболдан ІІІ дәстүрлі облыстық турнир ұйымдастырылды. Дүбірлі дода техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Бақытжан Жұмағұловтың құрметіне арналды.

Турнир Ғали Орманов атындағы орта мектеп базасында өтті. Жарысқа ұлдар арасында 10, қыздар арасында 9 команда қатысып, Алматы қаласы, Талдықорған қаласы, Ақсу және Ескелді аудандарынан келген жас спортшылар бақ сынады.

Іріктеу кезеңдері Ғали Орманов атындағы мектептің спорт залында, «Барыс» спорт кешенінде, Е. Жайсанбаев атындағы орта мектеп пен Қапал кәсіптік колледжінде өткізілсе, финалдық кездесулер Ғали Орманов мектебінде ұйымдастырылды. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне аталған мектеп директоры Қайыржан Жұмабекұлы Қуанышбаев ерекше үлес қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Қапал ауылындағы Е. Жайсанбаев атындағы орта мектеп І орынды иеленді. ІІ орын Қосағаш ауылындағы Абай атындағы орта мектепке бұйырса, ІІІ орынды Ғали Орманов атындағы орта мектеп командасы еншіледі.

Қыздар арасында Жансүгіров ауылындағы Е. Сиқымов атындағы мектеп командасы жеңімпаз атанды. Алматы қаласынан келген «VB team Volleyball academy» командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын Е. Жайсанбаев атындағы орта мектеп командасына берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және ақшалай сертификаттармен марапатталды. І орын алған командаларға 50 мың теңге, ІІ орынға 40 мың теңге, ІІІ орынға 30 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Турнирдің ашылу және марапаттау рәсіміне Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Нүсіпбеков, Жетісу университетінің цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы Тимур Жұмағұлов, «Даму бала» үйірмелер платформасының өңірлік директоры Әділет Сейсембеков және ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Сонымен қатар, турнирдің қонағы Бақытжан Жұмағұлов мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 250 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Аталған турнир жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға және өңір мектептері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды.

Жайнаргүл Жақияқызы
Ақсу ауданы Ғ. Орманов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.