Талдықорған: +31°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ел қорғаған егіздер
WhatsAppTelegramFacebook

Әскер – ата-анасының жанында қиындық көрмеген кез келген бозбаланы ширатады, шыңдайды, өз бетінше өмір сүруге тәрбиелейді. Темірдей тәртіпке бағынған, тағдырлары бір арнаға тоғысқан егіз сарбаз Омар, Оспан Айдарұлдары бүгінде 54380 әскери бөлімінде Отан алдындағы қасиетті борыштарын бірге өтеп жүр. Асқар таудай әкеден тәлім алып, ақ жаулықты ананың мейіріміне қанған бір үйдің үкілеген үміттері өмірдің әрбір белесін бірге еңсеріп келеді.

Жетісулық егіздер шыр етіп өмірге келген сәттен бастап әрдайым бір-біріне сүйеніш, тірек болды. Уақыт өте келе бұл бауырластық тек қанмен ғана емес, рухпен, намыспен, Отанға деген махаббатпен беки түсті. Бүгінде олар ел тыныштығының күзетінде бір сапта, әскери өмірдің темірдей тәртібіне бағынып, Отанға қызмет етіп жүр. Бауырлар әскер қатарында алғашқы жауынгерлік дайындықтан өтіп, әскери жарғыны меңгеріп, саптық тәртіпке дағдыланып та үлгерген.

Әскер – әр азаматтың жігерін шыңдайтын, сабырын сынайтын, нағыз ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыратын мықты мектеп. Омар мен Оспан үшін әскери өмір – тәртіп пен талап қана емес, Отан алдындағы перзенттік парызды адал атқарудың биік үлгісі.

– 2025 жылдың 2-шақырылымындағы 28 сарбаздың ішінен үздіктер деп Омар мен Оспанды ерекше айта аламыз. Өткен жылы қараша айында келген бауырлар әскери қызметте өздерін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Әскери тәртіп, мемлекеттік құқықтық дайындық сабақтары, жауынгерлік даярлық жағынан өзгелерге үлгі-өнеге болуда. Отбасында ерекше тәрбие көрген, жауапкершілікті сезіне білетін сарбаздардың әскери өмірге бейімделулері де өте жақсы өтті. Бүгінгі таңда Мемлекет тарапынан жергілікті мекенде әскери борышын өтеуге біршама жеңілдік қарастырылды. Нәтижесінде қос бауыр да кіндік қаны тамған жерде қызмет етуде. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсуге жолдама алуына да мүмкіндік бар. Ең бастысы Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген бірауыз сөзге бағынып, Заң мен Тәртіпті сезінсе болғаны. Барлығы сарбаздың өз қолында, – дейді тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі бөлімнің аға офицері Серасыл Мұратхан.

Таңғы сапқа тізілген сәттен бастап кешкі тынығуға дейінгі уақыт – жауапкершілік пен табандылық сыналар кезең. Әрбір бұйрықты мүлтіксіз орындау, қаруды дұрыс қолдану, әскери машықтарды жетілдіру оңай жұмыс емес. Осындай сынақтардан өтіп жүрген сарбаздар рухани тұрғыдан да, физикалық жағынан да шыңдалып келеді.

Омар мен Оспанның жүрегінде бір ғана ұлы сезім бар. Ол – Отанға деген ақ адал махаббат. Олар үшін туған жердің бір уыс топырағы, жайқалған жусаны, тіпті, саф ауасы қымбат. Осынау қасиетті де қастерлі мекеннің тыныштығын қорғау – қос сарбаз үшін үлкен мәртебе.

– Отбасының тұңғышымыз. Қаладағы №18 мектепті бітірген соң политехникалық коллеждге оқуға түстік. Екеуміз «18 жасқа толғаннан кейін әскерге барамыз» деген бала кездегі арманымызды іске асырдық. Бұл біздің азаматтық міндетіміз ғана емес, жүрек қалауымыз. Жоғары оқу орнына грант алсақ деп тырысып жүрміз. Әскерге келгенімізге еш өкінбейміз. Біз үшін барлық жағдай жасалған. Осы әскери бөлімнің табалдырығын аттаған сәттен бастап рухымыз көтеріліп, Отанға адал қызмет етуді бірінші орынға қойдық. Ата-анамыздың, өткен бос уақытымыздың қадірін терең түсіндік, – дейді Омар.

Сөзі мен ісі қабысқан, еңбекқорлығымен қатар қарапайым мінезді Омар мен Оспан 54380 әскери бөлімінің командирі Ренат Әбілтаевты үлгі тұтатындықтарын жасырмады.

– «Әскери қызметтегі кумиріңіз кім?» десе, ойланбастан командиріміз Ренат Рахымжан- ұлын айтар едік. Біз дәл сол азаматтай болғымыз келеді. Себебі, командиріміздің бойында әскери тәртіп, білім, адамгершілік қасиеттің бәрі бар. Бұл жерде үйдегідей еркіндік жоқ. Әрбір ісіңе жауапкершілікпен қарайсың. Жалпы, әскери өмірді көру, қатал тәртіпті бастан өткеру әрбір жас жігітке шыңдалу үшін ауадай қажет. Мерзімдік әскери қызметімді аман-есен аяқтаған соң жеке кәсіппен айналысамын, – дейді жас сарбаз Оспан.

Егіздердің ендігі мақсаты – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ата-анасына, жақындарына аман-есен оралу.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026
Бейбіт күннің қалқаны

Бейбіт күннің қалқаны

07.05.2026
Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.