Талдықорған: +22°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Әкіммен ауыз жаласқан»: Мәжіліс депутаты бірқатар өңірдегі сорақы оқиғаны жайып салды

21.09.2023
САЯСАТ
"Әкіммен ауыз жаласқан": Мәжіліс депутаты бірқатар өңірдегі сорақы оқиғаны жайып салды
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілісте депуаттық сауал жолдаған Бақытжан Базарбек жер тақырыбына қатысты бірнеше өңірдегі сорақы жайтты жайып салды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда Мәншүк Сыздықова атты кәсіпкердің бизнесіне тиесілі жерін мемлекет қажетіне алу үшін өтемақы төленеді. Сол қаржыны бір азаматтар алаяқтық жасап, жалған сенімхаттың негізінде қолды қылған. Соған байланысты соттың заңды күшіне енген шешіміне қарамастан, Түркістанның ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғауға асығар емес. Сорақысы, Түркістан қаласы әкімдігінің шенеуніктері алаяқтармен өзара ауыз жаласуы болып отыр. 

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданын алыңыздар, 2009 жылдары шығарылған шешімдер салдарынан «Балуан» СК ЖШС-да 286 жер үлескері 4985 гектар жерінен заңсыз айрылған. Қазір қылмыстық іс қозғалғанымен, күдіктілер бостандықта емін-еркін жүр. Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша жалпы жиналыстың шешімі заңсыз деп танылған. Алайда соттар бұрынғы әкімнің шығарған заңсыз қаулысын бұзуға асықпайды. Ал сол қаулыларға қол қойған бұрынғы әкім қазір Үкіметтің құрамында Вице-министр қызметін атқарып жүр, — дейді депутат.

Депутат Жетісу облысындағы жағдайды да мысалға келтірді. Мұнда бір топ алаяқтық жасаған азамат жергілікті прокурорлар, ішкі істер органдарының көмегімен Үбен Машарбетов деген ақсақалды алдап, оның сыртынан жалған шарт жасап, 4000 гектар жерін және ақсақалдың туған баласына тиесілі 2 гектар жерін жалған сенімхаттың нәтижесінде өз атына рәсімдеп алған. Ұзақ жылдар бойы Ү. Машарбетовтың атынан субсидия алып отырған. Ең сорақысы, Ү. Машарбетовтың арызы бойынша қылмыстық іс 10 рет қозғалып, жоғары шенділердің ықпалымен 11 рет жабылған! Сорақының сорақылығы, қылмыстық іс материалына сәйкес, осы алаяқтық іс-әрекеттерді ауылдық округ әкімі жасаған! 

Тура осындай жағдай Жамбыл облысының Кордай ауданында «Ноғайбай Казэксим» кәсіпорынының 360-қа жуық жер үлескері отбасы (2000 жуық адам) бір сәтте Мұхтар Әблязовтің алаяқтық іс-әрекеті салдарынан 14059 гектар жерінен айырылған. Сорақысы, мұны облыс прокурорлары мен ішкі істер органдары түсініп біліп тұрса да үлескерлердің жерлерін аукцион арқылы сатылуын бұғаттай алмады. Ең қызығы, Әблязовтің алаяқтықтығымен саудаға салынған екі ауылдың жерін электрондық аукционда 93 жастағы кемпір сатып алған. 

Ал, Тұрар Рысқұлов ауданында алаяқтық іс жасаған азаматтар шаруа қожалығы иесі Игенбековтің 1542 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерін қолды қылған. Ол үшін 2019 жылы жалпы жиналысты ұйымдастырады. Сол жиналысқа 2004 жылы қайтыс болған жер үлескерлерін «тірілтіп», олардың қолымен жерлерін әкімнің қаулысы бойынша өз атына аударып жіберген. 

Ал атышулы Кербұлақ ауданының «Бостан» өндірістік кооперативі үлескерлері өзіне тиесілі 2000 гектар жерінен шенеуніктер мен құқық қорғау органдары жауапсыздығы кесірінен айрылды! «Бостан»-ның жерін алып алған кәсіпорын «Бостан»-ның жер үлескерлерін өз кәсіпорының қатысушысы етіпенгізбейді. Шыдамы таусылған халық Астанаға барғалы отыр. 

Жалпы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында күмәнді жолмен жерді иеленіп алған жер иелері мен жер үлескерлердің арасындағы конфликтілердің ушығып кеткені соншалық, халыққа карсы автоматпен оқ ату, үлескерлерді үйлерінің алдында күзетіп ұрып-соғу, өлтіру туралы қорқыту әрекеттері ушығып кетті. 

Осы деректер бойынша тиісті құжаттарды Бас прокуратураға жолдайтынын айтып, тергеу жұмыстарын бастау қажет екенін көтерді.

Фото: ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қараталда бордақылау алаңы салынады

Қараталда бордақылау алаңы салынады

31.03.2026
Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

31.03.2026
Онкологтар тегін кеңес берді

Онкологтар тегін кеңес берді

31.03.2026
Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

31.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі екі бап бойынша тергелуде

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі екі бап бойынша тергелуде

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.