Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫТЫРМАН ЖАНРДЫҢ ШЕБЕРІ

02.09.2023
КҮЛТӨБЕ
ШЫТЫРМАН ЖАНРДЫҢ ШЕБЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қоңыр күздің алғашқы күні қоңырау үні сыңғыр қаққанда балалық бал шағың еске түсіп, еріксіз сағынышқа беріледі екенсің. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер мұнтаздай киіміне қарап қойып әлдебір жақындықпен қатарындағы жаңа ғана танысқан құрбысына нәзік тіл қатып тұрғаны қандай жарасымды?! Осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде соғылған алғашқы қоңыраудың үні барша өренді білімге шақырғандай.

Иә, жанарына қуаныш тұнған жас өрендер үшін тағы бір жаңа оқу жылы басталды. Жас ұрпақтың жарқын болашағы, сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалған. Жетісу облысының өзінде жыл сайын мектептер күрделі жөндеуден өтіп, кейбір алтын ұя мектеп жаңадан ашылып жатады. Сондай бір қуаныш Көксу ауданында орын алып, қос мектеп ел игілігіне берілді.

Өңірдегі қос қуаныштың куәгері болу үшін таңмен таласып Талдықорғаннан аттанған журналистер алдымен Бесқайнар ауылына ат басын бұрды. Елді мекен тұрғындары мен ине-жіптен жаңа шыққан мектеп формасын киген оқушылар жаңа салынған алтын ұяның ауласына жиылыпты. Абаттанған аула, салтанатты ғимаратқа сән берген оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар асқан шаттықпен Білім күнін қарсы алды.

Бесқайнар орта мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Марлен Көлбаев бастаған өңір зиялылары арнайы қатысты.  Ән асқақтап, күй күмбірлеген шара барысында сөз алған өңір басшысы:

– Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Біз бүгінгі мерекені қос бірдей жайдарман жаңалықпен бастап отырмыз. Бірі сіздердің игілікке берілгелі отырған Бесқайнар орта мектебінің ашылуы болса, екіншісі, Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы Р. Толқымбекұлы атындағы орта мектептің есігін айқарғаны. Осылайша біз жаңа оқу жылын қос жаңа мектептің ашылуымен бастадық, – деген Марлен Қапашұлы білім адамзаттың маңдай бағы, қолдағы шамшырағы екенін атап өтті. 

Өз кезегінде аудан басшылары мен журналистер қауымы Қазақстанның 10 жылдығы ауылына барып, Р. Толқымбекұлы атындағы орта мектептің де ашылу салтанатының кәугері болды. 

Айта кетерлігі, 120 орынды Бесқайнар орта мектебі   1 млрд. 184 миллион теңгеге бой көтерген. Біріктірілген акт және спорт залы, асхана, кітапханасы бар ақшаңқан мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталған. Аталған мектептің 1 сыныбына биыл 10 оқушы қабылданған. Ал, 120 орынды Р. Толқымбекұлы атындағы орта мектеп те 1 млрд. теңгеден астам қаражатқа бой көтеріп, бүгінде есігін айқарды. Заманауи жабдықтармен қамтылған алтын ұяда жалпы саны 81 оқушы білім алады. Ал 1-сынып табалдырығын 8 өрен аттаған. 

Жалпы аудандағы 25 мектепте биыл 7847 оқушы оқитын болса, 1-сыныпқа 755 бүлдіршін қабылданғанын да айта кеткен жөн. 

Жырдан шашу шашылып, ән айтылып, күмбірлеген күймен мерекені қарсы алған көпшіліктің қуанышымен бөліскен аудан басшысы өз кезегінде Мұқаншы ауылына ат басын бұрып, шалғай ауылдағы оқушыларды тасымалдау үшін мемлекет тарапынан берілген автобусты табыстап қайтты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026
Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.