Шілде айында Қазақстанда инфляция деңгейі тез жоғарылады. Статистика посткеңестік мемлекеттер арасында елдің инфляция бойынша алдыңғы орынға шыққанын жазады.
Бұл туралы 7-su.kz ақпарат агенттігі Геостатистика Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз дүкендердегі бағаның көтерілуін тоқтата алмаймыз. Инфляцияның өсуі – тұрғындардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі», — делінген дереккөзде..
Диаграммаға мән берсеңіз, тізімнің алғашқы орнын 14% инфляциямен Қазақстан «иеленсе», Әзербайжан (12,2%) мен Украина (11,3%) үштікті түйіндіген.
Фото: көрнекілікке алынды





