Талдықорғанда орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі – көптеген чемпиондардың алғашқы қадам басқан мектебі. Кіл мықтылардың ұстаханасына айналған мекеме жыл сайын таланттарды қатарға қосып келеді.
Чемпиондар түлеткен мекеменің бүгінгі даму қар- қыны жақсы, өз оқушыларына деген құрметі ерекше екенін ғимарат ішіне кіргеннен-ақ сезінесің. Спорттың сан саласында жұлдызы жанып жүрген жандарды баулып, спорт әліппесін үйреткен мекеменің іші жылулыққа толы. Балалардың бойына рухты сіңіру, білім беру арқылы оның көкірек көзін ашу – ұстаздың міндеті.
Дәл қазір мекеме жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау үшін қызу жұмыс істеуде. Әр ынталы талапкер іріктеуде сыналып, жақсы нәтиже көрсетіп, межені орын- дағандар оқуға қабылданады. Мектеп-интернат-колледж еркін күрес, грек-рим күресі, таэк- вондо, волейбол, футбол, садақ ату, ауыр және жеңіл атлетика, бокс, велоспорт сынды 11 спорт түрін қамтиды. 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектептен көптеген елге белгілі спортшылар қанат қақты. Өз жастары арасында халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсеткен- дер саны биыл – 65 бала. Ал республикалық жарыста көзге түскен үздіктер саны – 403. Мектеп оқушылары әлемдік сында ел намысын қорғауда жақсы нәтижеге ие. Сондықтан да болар, халыҰСТАХАНА қа- ралық дәрежеде- гі спорт шебе- рі атағын биыл 4 оқушы, спорт шебері атағын 6 оқушы алды. Ал халықаралық жарысқа 2021 жылы 26, 2022 жылы 27 оқушы қатысса, биыл 33 оқушы бақ сынады. Интернат оқушылары облыстық жарыстар- да алдына қара салмаса, республикалық сында тәп-тәуір көрсеткішке қол жеткізіп келеді.
Грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев аталған оқу орнын жүрген жерінде айтып, жылы естеліктерімен бөлісіп жүреді. Интернат- ты айнала жүгіріп, жаттығып жүрген сәттерін сағынады. Бүгінде волейболдан ұлттық құрама қатарына еніп, күзде болатын Азия ойын- дарына дайындалып жатқан Татьяна Никитина, Юлия Якимова, Томирис Сағымбаева да аталған оқу орнының түлектері. Садақ атудан ел құрамасында жүрген Ильфат Абдуллиннің де білім алған алтын ұясы осы. Аталған мектепті бі- тірген чемпиондар тізімін таңды-таңға жалғап айтуға болады. Жеңімпаздарды қатарға қосу барысында үлкен еңбек сіңіріп жатқан жаттықтырушылар мен ұстаздардың еңбегі зор. Әлі талай тарланды баптап, жарыс дуына қосып, нәтижесі тек жетісулықтарды ғана емес, елімізді қуантады деген ойдамыз
Саят ДҮЙСЕБАЕВ,
Ж. Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің әдіскері





