Талдықорған: +35°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

11.08.2023
КҮЛТӨБЕ
МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кез келген мемлекеттің не қаланың дәулетін сәулеті айшықтайды. Сәулет өнері дамыған, өрістеген жерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүреді. Әрі сәні мен сәулеті де келісіп тұрады. Бұл – мойындалған аксиома.


Жетісу өңірінің де әл-ауқатын құрылысы айқындап тұр. Облыс аумағында 370 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның дені әлеуметтік салаға негізделген. Сонымен қатар, осы жылы 321,9 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Айта берсек, ауыз толтыратын сөз жетеді. Ал осынша құрылысты сапалы һәм уақытында өткізу құрылысшылардың құзыретінде. Күннің аптабы мен суығына қарамай өңірді сәулеттендіре түскен құрылысшылардың еңбегін құрметтеуде облыс басшылығы қамсыз емес екен. Тамыз айының екінші жексенбісіне орайластырылған Құрылысшылар күнінде жетісулық құрылысшыларды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев құттықтап, ізгі ілтипатын жеткізді.

Салтанат сарайында өткен мереке мезіретінде Ә. Жақанбаев құрылыс саласындағы ауқымды жұмыстардың тиегін ағытты. Айтуынша, өңірдегі биылғы құрылыс жұмыстарына 49,4 млрд. теңге қарастырылыпты. Нәтижесінде облыс аумағында білім саласы бойынша 17, денсаулық саласы бойынша 7, тұрғын үй бойынша 281 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осынша нысанның іргесі бүтін, қабырғасы мығым болуына құрылысшылар жауапты. Ал жауапты қызметте табиғаттың сан түрлі мінезіне қарамай маңдай терін сылып жүрген мамандар әрдайым құрметке лайық.

– Құрылыс – адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Бүгінде өңірімізде құрылыс саласы қарқынды дамып, ел экономикасының, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді. Ауқымды саланы алға жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен. Әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей, күнтүн демей атқарған игі істерінің жемісі. Қандай кезең болмасын құрылыс саласы өз жұмысын тоқтатпай, ел игілігін еселеуде. Қазіргі күні мемлекетіміз күн сайын көркейіп, абаттанып келеді. Төрткүл әлеммен терезесін теңестірген елімізде көрікті ғимараттар бой көтеріп, еңбекқор жандардың арқасында әлемге танылды, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара барысында еңбегімен дараланған сала майталмандары облыс басшысының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталса, өз кезегінде кей сала еңбеккерлері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алғысына бөленді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

07.08.2026
Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

07.08.2026
Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

07.08.2026
Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

07.08.2026
Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.