Бүгін 10 тамыз – Абай күні. Адамзат ақыл-ойының алыбына арналған мерейлі күнде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Фото: Ақорда





