Талдықорғанда мотоцикл мінген азамат орталық көшеде жаяу жүргіншіні қағып кетті, — деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы.
Жол апаты 4 тамыздан 5 тамызға қараған түні Назарбаев даңғылында болған. Honda CBR 600 FA мотоциклін мінген 32 жастағы жігіт 58 жастағы жаяу кетіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Әлеуметтік желіде видеосы тарап та кетті. Ал Жетісу облыстық полиция депаратменті оқиға кезінде алған жарақатынан ер адамның көз жұмағанын айтты. Мотоциклдегі азамат болса марқұм болған жолаушының рұқсат етілмеген жерден өткенін айтып отыр.
Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салғанымен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады, — деп жазылған ПД таратқан ақпаратта.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.





