Ана сүті – нәресте үшін жанға қуат, дертке дауа. Олардың физикалық және психикалық дамуына толық ықпал етеді. Сондықтан табиғи емізу баланың денсаулығына ғана емес, сонымен бірге анаға да бірегей оң әсер етеді.
Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатындаосылай деген Жетісу облыстық перинаталды орталықтың неонатолог дәрігері НазираЖолдасбаева өз кезегінде ана сүтімен тамақтандырудың пайдасын айшықтады. Оләуелі емшекпен емізу ана мен бала арасындағы психоэмоционалды байланыстың пайдаболуына, иммунитетті қалыптастыруға және денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігінерекше атап өтті. Өзі қызмет ететін облыстық перинаталды орталықтың жұмысыментаныстырған шара қонағы, жаңа туған нәрестелер бөлімінде 60, реанимация бөлімінде6, шала туған нәрестелерді емізудің кезеңі бөлімінде 20 төсек орнатылғанын, бөлімдер ана мен баланың бірге тұруы қағидаты бойынша қызмет көрсетсе, бөлімшелерденеонатологтардың, орта және кіші медициналық дәрігерлердің тәулік бойы жұмысістейтінін атап өтті.
– Жалпы, жылына орта есеппен 6-7 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Өткен жылы6711 нәресте жарық дүние есігін ашты, – деген Назира Исағалиқызы ана сүтінде нәрестегеқажеті ақуыздар, майлар, лактоза, витаминдер, темір, минералдар, су (80%) және дұрысөсуі мен дамуы үшін қажетті мөлшерде екенін атап өтті. Ана сүтімен қоректенетін нәрестелердің денсаулығы жақсы болатынын, сүт құрамында асқазан-ішек аурулары мендиареяны тудыратын ішекте патогендік бактериялардың дамуына жол бермейтін заттарбарын да тілге тиек етті. Оған қоса емшек сүті инфекциялардан, соның ішінде респираторлық инфекциялардан қорғайтынын жеткізді.
Ана мен баланың арасындағы махаббатты, ана сүтінің пайдасы мен қызықты ақпараттарды айтқан маман өз кезегінде бала емізу аналардың табиғи болмысын сақтауға,анемия қаупін азайтуға, қуатты үнемдеуге, сүт безі қатерлі ісігін туындатпауға, басқажүктіліктің басталуын кешіктіруге негіз екенін де жеткізді. Оған қоса, ана сүтіне байланысты эмоционалдық байланыс, отбасы үшін пайдасы, баланың күтімі жайлы дақызықты һәм керекті мәлімет беріп өтті.
Жиын барысында журналистер қауымы өздерін қызықтырған сауалдарды қойып,тұшымды жауап алды.
АРДА БИ





