Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛ АЙНАСЫ

25.07.2023
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛ АЙНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер тарихы – ел тарихы. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы, тағдыры, танымы сол халық қойған елді мекен, жер-су атауларында жатыр. Халық берген әрбір атау – сол жердің тарихи құжаты, халықтың жады, атадан балаға қалған рухани мұрасы. Ономастика бойына ұлтымыздың рухани құндылықтары мен ізгі мұраттарын жинақтаған тіліміздің, жалпы ұлттық мәдени кеңестігіміздің мазмұнға бай маңызды бөлігі.

Қазақ елінің жер-су атауларының барлығы ата-бабаларымыздың әлеуметтік өмірінен, халқымыздың рухани өресі мен философиясынан тікелей хабар береді. Бұл атауларда жатқан ұлттың тарихы мен салт-дәстүрі, ата-бабамыздың ұлттық танымы туралы құнды мәліметтер өскелең ұрпақтың туған өлкесіне қатысты білімі мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

Ономастика – тәуелсіз еліміз үшін жас, жаңа ғылым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында: «Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты иә белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі ескерілуі керек» – деп аталған сала да шешімін таппаған мәселенің шаш етектен екенін алға тартты.

Иә, шынымен де соңғы жылдары еліміздеелді мекен, әсіресе, көшелер атауларын өзгерту кезінде көпке танымал емес жекелеген кісі есімдерін  беруге ұмтылушылық белең алды. Міне, осы кемшілікті ескере отырып, бүгінгі күні біздеономастика мәселелерін байыпты шешуді қамтамасыз ету мақсатында ұмыт қалған тарихи-географиялық атаулар, еліміздің ірі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімін беру туралы шаралар қолға алынуда.

Ономастикалық бірліктер – әр халықтың тарихи-мәдени ұлы мұрасын өз бойында «ғаламның тілдік бейнесі» не­гізінде сақтаушы, жеткізуші және танытушы қазына. Себебі, жер-су атауларының мазмұнында халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани және мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-санасы, тағы басқа құндылықтары айшықталған.

Бұл туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Жер – анасы, ел – баласы деуге болады. Ел айтқан әңгімені ел мекені, ел бесігі жер де айтады. Көз жіберсең, көңіл тоқтатсаң, тыңдап көрсең көпті айтады… алдымыздағы, айналамыздағы көп өзен, өлке, қойтас, қырқа, бұлақ, шалғын – барлығы да қазақ халқына сүйікті, қымбат болған көп-көп өлеңнің туған ұя, тербелген бесігіндей. Жер әңгімеші, жер әңгімеші болған соң – ел әңгімеші» деп бекерге айтпаған.

Сондықтан да жер әңгімесін тыңдап, атамекеніміздің табиғатын аялап, оның біздерге жеткізген мұрасын көздің қарашығындай сақтап, игілікке жарата білейік.Мемлекеттік тіл төңірегіндегі мәселелер біздің ұлтжандылығымызға, намысшылдығымызға үлкен міндет жүктеп, ынтымақ пен берекеге үндейді. Әр уақыт  осы мақсат биігінен көріну – біздің зор азаматтық парызымыз.

Құралай Бозтаева 
Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.