Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорғандағы Қаратал, Мерекелік және Қызылтас саяжайының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы.
Жүздесу барысында қала әкімі саяжай тұрғындардың көкейінде жүрген әрбір сұрақты мұқият тыңдап, тарқата жауап беріп, жауаптыларға тиімді жағын қарастыра отырып, шешуді тапсырды.
Мәселен, тұрғындар газдандыру, көшені жарықтандыру, сумен жабдықтау, сондай-ақ қалааралық қатынастағы қоғамдық көлік мәселесін көтерді.





