«Instagram», «Facebook» желілерінің иесі «Meta» технологиялық компаниясы 6 шілдеде жаңа әлеуметтік медиа платформасы «Threads» желісіне іске қосты. Ал желіге 7 сағатта 10 миллион адам тіркелді. Дәл қазіргі сәтте тіркелушілер саны 30 миллионнан асып кетті.
«Meta» компаниясының бас директоры Марк Цукерберг қолындағы қаржылық ресурстармен «Twitter-ге» нағыз бәсекелес болатындығын айтады. Жаңа платформаның көрнекті көрінісіндегі қолданба интерфейсі «Twitter-ге» ұқсайды. Сондықтанда болар дәл қазіргі сәтте «Twitter» компаниясы заңгерлері «ұрлау» деген айыппен шағым да түсірмек.
«Instagram-мен» үйлесімді түрде жұмыс істейтін «Threads» жүз миллиондаған парақшаға жетуді мақсат етеді. Цукербергтің ойы – Илон Масктың «Twitter-ді» сатып алғаннан кейін қабылдаған әртүрлі шешімдеріне байланысты платформаны пайдалануды тоқтатқан адамдарды өзіне қайтару.





