Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

27 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

turbotyres.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналары жоқ көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Шектеу 28 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

ІІМ мәліметінше, қысқы шиналар автомобильдің барлық дөңгелегіне орнатылуы керек.

Министрлік жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуды ескертті. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады.

«Мұндай жағдайда көріну қашықтығы нашарлап, тежеу жолы ұзарады және көлікті басқару қиындайды. Мұның бәрі жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады. Жүргізушілерді барынша мұқият болуға шақырамыз! – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Архат Төлегенов.

ІІМ жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ күрт маневр жасаудан және шұғыл тежеуден аулақ болу қажет.

Жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, бағытты алдын ала жоспарлаған жөн. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда қала сыртындағы сапарларды кейінге қалдыру ұсынылады.

Министрлік жаяу жүргіншілерді де сақ болуға шақырды. Өйткені тайғақ жолда жүргізуші көлікті бірден тоқтата алмайды.

Жолға шығар алдында жүргізушінің жаяу жүргіншіні байқағанына және жол беріп тұрғанына көз жеткізу керек. Жолдан өтер кезде телефонға алаңдамаған жөн. Сондай-ақ құлаққапты шешіп, капюшонмен айналаны көру мүмкіндігін шектемеу қажет.

Полиция қызметкерлеріне жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету тапсырылды.

«Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар! – деп еске салды Архат Төлегенов.

Қатысты жаңалықтар

105 жаста да сайлаудан қалған емес

105 жаста да сайлаудан қалған емес

Бүгін, 13:31
Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Бүгін, 13:19
Рұқсатсыз аң атпа

Рұқсатсыз аң атпа

Бүгін, 13:00
№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

Бүгін, 12:45
Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.