Еліміздің бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы «Уимблдон» жарысының үшінші кезеңіне шықты.
Рыбакина екінші айналымда француз Ализе Корнені 6:2, 7:6 (тайбрейк 7:2) есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.
Енді 8 шілде күні үшінші айналымда Рыбакина британиялық Кэти Бултерге қарсы ойнайды.





