Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ ҚАЖЕТ

07.07.2023
КҮЛТӨБЕ
БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасырлар бойы азаттықты, егемендікті, тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың дұға-тілегінің нәтижесі – Қазақ елінің өз алдына мемлекет болуын көру еді. Шүкір, сол арман жүзеге асып, алты құрлыққа аты жайылған Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен берекенің, тыныштық пен тұрақтылықтың алтын ұясына айналып отыр. Күн өткен сайын жаңа белестерге бет түзеген еліміз тіршіліктің түйткілін таратып, болашаққа қажетті құндылықтарды игеруге қадам басуда. Оның дәлелін Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан құру идеясының жүзеге аса бастағанынан байқаймыз.


Ертеден кеңес құруды жөн көріп, даналықпен сусындаған тұлғалардың ақылын тыңдауды басшылыққа алатын халқымыздың ғибратқа толы көптеген сөзі қалған. Соның бірі: «Күлтөбенің басында күнде жиын». Осынау қастерлі ұғымның тереңдігіне Түркістанда өткен ІІ Ұлттық құрылтайда ерекше тоқталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиынның маңыздылығын: «Біз қазір  бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев «Қазақ рухының қағбасы» деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Ұлт тағдыры сынға түскен сәттерде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындаған. Қалың жұрт салиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ерлеріне көш тізгінін ұстатқан. Бір ел, бір халық болып, сыртқы қатерге қарсы тұрған. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Сондықтан осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктеледі. Қанша дәуір өтсе де  ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді» – деп еске салды.

Биыл екінші рет өткізілген Ұлттық құрылтайда көптеген мәселе көтерілді, талай жайттың басы ашылды. Өз сөзінде сегіз аса өзекті мәселені шешудің жолдарын қарастырған Мемлекет басшысы қоғамда мемлекеттік аппараттың жұмысына сын-ескертпелердің бар екеніне тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша қолға алынып жатқан шараларды таныстырды. Оның айтуынша, мемлекет, қоғам, адам үштігін дұрыс дамыту үшін тиімді қадамдар жасалып жатыр. Оның қатарына аудан және ауыл әкімдерін сайлау, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту шараларын кіргізуге болады. Әрине, кез келген жаңашыл бастаманың толыққанды жүзеге асуына уақыт керек. Бірақ ең маңыздысы мемлекеттік қызметкерлердің бойындағы отаншылдық рухтың биіктігі, мемлекет мүлкіне жанашырлықтың жоғарылығы дер едім. Осыны ескерткен Президент «Адал азамат» ұғымының кеңінен таралуы керектігін жеткізді. Өз сөзінде: «Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес.

Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді» – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік реформалардың қатарында пікір ашықтығы, жанашыр ұсыныс айту үрдісі қалыптасуы керектігін ұғындырды.

Расында халқымыздың тарихында ел басқарған хандардың дұрыс шешім қабылдауын ел ағалары, аузы дуалы ақындар мен жыраулар көрсетіп отырған. Асанқайғының Жәнібек ханға, Бұқар жыраудың Абылайға арнаған сөздері соның дәлелі.

Әрине, әркім өз дәуірінің куәгері. Көргені мен білгенін, естігені мен түйгенін кейінгіге жеткізіп, ұлттық мұрамыздың қатарына толықтырды, әлі де толықтыра түсері анық. Сол себепті, қазіргідей жаһандық геосаяси жағдай күрделенген кезеңде бабалар айтқан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын дәуір туып тұр. Ұлттық құрылтайдың Қазақстанның дамуына әсер ететін жиынға айналғанын қалайтынын жеткізген Президенттің бастамалары баршаның қолдауына зәру. Ендеше, бәрімізді біріктіретін бағыт айқын. Ол – мемлекеттілік. Бұл жолда мемлекеттік қызметшілерге артылар жауапкершіліктің салмағы орасан, жүгі ауыр. Сондықтан сөзінің соңында ұсыныстар идеологиялық тұжырымдаманы бекітуге негізделуі керектігін жеткізген Мемлекет басшысы баршаны ортақ іске жұмылуға шақырды.

Бұл – сапалы білімді, қолжетімді медицинаны, түзу жолды, жарық көшелерді, адал қызмет көрсетуді баршаның тұтынуына жеткізіп, отандық өнімнің әлемге таралуын жүзеге асырады, қазақ баласының ақыл-ойының әлем жұртшылығына таралуына мүмкіндік береді. Ол үшін жұдырықтай жұмылған бірлік пен ынтымақ қажет. Сол қажеттілікті орындайтын Әділетті, Жаңа Қазақстанды құрудың тұсынан табылуды баршамызға жазсын!

Мәди АЛЖАНБАЙ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.