Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІ

06.07.2023
КҮЛТӨБЕ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Астана қаласының Елорда ретінде таңдалуы ұлтты ұйыстыратын орталыққа айналуымен ерекшеленіп, өте дұрыс шешім екенін көрсетіп берді. Себебі, мемлекеттің астанасын салу үшін кең-байтақ Ұлы Даланың әрбір өңірінен, әр аймағынан азаматтар келіп, тарихи үдеріске куә болды. Тіпті, қаршадай кезінде келіп, отбасын құрып, бақытын тапқандар жерге, елге, руға бөлінбей ұлттық мүддеге бірікті. Сондықтан Астана күллі Қазақ елін біріктірді деуге болады.


Екіншіден, Сарыарқаның даласында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленді. Өз басым 2005 жылы Астанаға табан тірегенде орыс тілінің басымдығы анық байқалатын. 25 жылдың ішінде қазақ тілі барлық жерде қолданылатын болды. Аялдамада, автобуста, көшеде, ғимаратта ана тілінде сөйлесіп жүргендерді жиі кездестіресіз. Әуелі аулада ойнаған сәбилердің қазақтілді азат елдің балалары екенін байқау қиын емес. Сол себепті, мемлекеттік тілдің қанатын кеңге жаюына жасалған дұрыс қадам екенін мойындауға тиіспіз.

Үшіншіден, Астананың орталыққа көшуі солтүстікте Ресей Федерациясымен көршілес жатқан 4-5 облысқа өз әсерін, ықпалын тигізді. Яғни, соған дейін айтылып келген пікірлер басқаша бағалана бастады. Сол арқылы Қазақстан Республикасының өз алдына мемлекет екендігі айқындала түсті. Жаппай көш Сарыарқаның сағым жүзген даласына бет түзеген соң Көкшетау, Қостанай облыстарына қоныстанушылардың қатары артқаны көңіл қуантты. Осыған қарап, еліміздің ішкі көші, отандық миграция тұрғысынан алғанда Астана шаңырағының көтерілуі өте дұрыс таңдалған шешім екенін байқаймыз. Соның арқасында Елорда өзге өңірлерге локомотив ретінде үлгі бола білді. Себебі, соңғы 20 жылдың ішінде еліміздің барлық өңірі дамудың жаңа сатысына көтерілгені анық. Сол жолда әр өңір Астанаға қарап бой түзеді. Ондағы сәулет өнері, қала келбеті, ғимараттардың салынуы, көшелердің көріктендірілуі үлгі ретінде алынды. Сол тұстағы жиналыстарда қала безендірудің мысалы ретінде Елорда көпшіліктің назарына ұсынылды. Тіпті, жауапты мамандарға: «2-3 апта жатып, үйреніп келіңдер!» – деген тапсырмалар беріліп жататын. Одан бөлек, Астана жаңалыққа құмар, жаңа технологияға жақын орталыққа айналды. Өйткені, оған келетін қонақтардың қатарында Президенттер, елшілер, дипломаттар көп болғаннан ғимараттарға әлемдік стандартқа сәйкес құрал-жабдықтар, құрылғылар орнатылды. Осыны өңірлер Астанадан көшіріп, жасады. Әсіресе, сәулет-құрылыс саласындағы жетістіктер тез қолданылды.

Еуразия кеңістігінде 9 жолдың торабы ретінде неше түрлі даңғыл мен соқпақ қиылысты. Соның арқасында білімнің сапасы артты. Сол тұста қаладағы №4 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп қазақ тілінде білім беретін жалғыз оқу ордасы еді. Қазір бас шаһардағы 14 мектеп мемлекеттік тілде білім береді. Осының өзінен көрем деген адам көп нәрсені аңғара алады. Осылайша Астана білім, медицина, мәдениеттің орталығына айналды. Соған қарап толық қалыптасқан мемлекеттің ордасы деуге болады. Ендігі мақсат – Елорданы бұдан ары дамытып, алақанға салып ұстау.

Мемлекет болған соң еліміздегі орталықтан басқару жүйесі ертеден қалыптасқаны белгілі. Солай болуы керек. Себебі, барлық саяси шешімдер тек Елордадан қабылдануы тиіс. Мұны Қаңтар оқиғасы кезінде айқын байқадық. Және кез келген шешім кеңесудің, ақылдасудың арқасында орталықтан дұрыс қабылданады. Сондықтан оның руханияттағы, мәдениеттегі орны ерекше дер едім. Бір кездері орталықта өңірлердің мәдениет күндері салтанат құрған. Сонда әр өңір өзінің театрын, филармониясын, ақын-жазушыларын, әншілері мен жыршыларын айлар бойы дайындап, Астанада өнер ошақтарының концерттік бағдарламаларын ұсынып, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізетін. Мұның бәрі орталықтың талабынан туындағаны белгілі. Сол арқылы сапа мен бәсекеге қабілеттілік алға шығады.

Міне, осындай көрсеткіштердің арқасында Елордаға қарап бой түзеуіміз керегін ұғынамыз. Соның ықпалымен Астана алдағы мыңжылдықтарда Қазақ Елінің көшбасшысына айналарына сенім мол.

Болат Керімбек,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.