Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Биыл пандустарды ретке келтіру үшін 450 миллион теңге бөлінген. Алдымен мемлекеттік мемелерге жасап, одан кейін шаштараз, сән салоны, мейрамхана, дәріхана сияқты ғимараттарға орналастырады. Облыс басшысы «ГУМ» сауда үйіне ұзақ кідірді.
— «ГУМ» сауда үйінің пандусына қатысты шағым көп түседі. Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын ойлауымыз керек. Тек билік өкілдері емес, сіздер де осы мәселеге атсалыссаңыздар. Инклюзивті мемлекет, жайлы қала болу үшін ең алдымен осындай мәселелерді ретке келтіру қажет. Гумның басшылары сияқты адамдарға мүгедектігі бар ма, жоқ па, менің ойымша бәрібір. Қалтасына пайда түссе соны ойлайтын азаматтар. Енді мен не істейін? Бұл жерде ең алдымен ар-ожданның заңы болады. Түсіністікпен қараса көп ақша кетпейді. – деді облыс әкімі.





